Қазақстанның бірқатар өңірлерінде сапасыз жанармай сату фактілері анықталды
Алматы. 27 маусым. Kazakhstan today. Қазақстанның бірқатар өңірлерінде сапасыз жанармай сату фактілері анықталды,- деп хабарлайды ИЖТМ ақпарат басқармасы.
Басқарма таратқан баспасөз хабарламасында былай делінген:
"Шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге жарияланған мораторий кәсіпкерлердің ЖММ сапасына жауапкершіліктен босатпайды.
Қазіргі уақытта сатылатын жанар-жағар майдың сапасына қатысты тұтынушылардан көптеген шағымдар келіп түсуде. Бұрын мұнай өнімдерін тұтынушыларға өткізетін барлық кәсіпкерлік объектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитеті жүзеге асыратын.
Мәселен, 2013 жылы мұнай өнмідерін бөлшек саудада және көтерме сатумен айналысатын субъектіге 267 тексеріс жүргізілді, тексеріс барысында 119 бұзушылық жағдайы анықталды.
Өткізілетін мұнай өнімдерінің сапа көрсеткіштері бойынша сәйкессіздігінің көптеген фактілері тексерудің нәтижесі болып табылды. Мәселен, Астана қаласында ЖК Мәжитова У.Х. "Уойл" АҚС-да "октан саны" көрсеткіші бойынша талаптарға сәйкес келмейтін "Павлодар мұнай-химия зауыты" АҚ өндірісінің АИ-92Н маркалы жанармайын өткізген. Онда норма бойынша 92,0-ден кем болмауы тиіс "октан саны" 80,8-ді құраған.
Сондай-ақ, Алматы қаласында сапасыз жанармай сату фактілері анықталды. Октан саны бойынша талаптарға сай келмейтін АИ-96 маркалы жанармайын, бензолдың жоғары көлемдік үлесі бойынша талаптарға сай келмейтін супер Евро-98 маркалы жанармайын, температуралық тұтану көрсеткіші бойынша талаптарға сай келмейтін Л-0,05-40 жазғы маркалы дизель отынын сатқан "Аramco Corp" ЖШС АҚС бұзушылар болып шықты.
Осыған ұқсас жағдай "Құлагер Бетон" ЖШС АҚС-да анықталды, онда октан саны - 74,5 болып шыққан АИ-80 маркалы жанармайы анықталды, "Көмек-А мүгедектік фирмасы" ЖШС "Жұлдыз" АҚС (нақты октан саны 74,0 болған АИ-80), "Мост", "Мамыр" және № 54 "Сонар Мұнай Өнімдері" ЖШС АҚС (нақты октан саны - 82,7 және 80,6 болып шыққан АИ-92).
Температуралық тұтануы бойынша талаптарға сәйкес келмейтін дизель отынын сату бөлігінде бұзушылықтар Солтүстік Қазақстан облысында "Тим Консалтинг" ЖШС АҚС-да, Алматы облысының ЖК Лаврентьев И.Н. және "Нар Ойл Мұнай өнімдері" ЖШС АҚС-да анықталды.
Жалпы алғанда, 2013 жылғы мемлекеттік бақылау қорытындысы бойынша ҚР ИЖТМ ТРМК 14 956 090 теңге сомасында әкімшілік өндіріп алу шараларын қабылдады, 58 694 079 теңге сомасына сәйкестік сертификаты, таңбалануы жоқ, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін мұнай өнімдерінің 312 топтамасын сатуға және 545 салыстырып тексерілмеген өлшем құралдарын қолдануға тыйым салынды,
2014 жылы осы бағытта тексерістер жалғасқанын атап өткен жөн. 2014 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша, мұнай өнімдерін өткізетін кәсіпорындарда заңнама талаптарының сақталуына 31 тексеріс жүргізілді.
Тексеріс нәтижесі бойынша 20 бұзушылық оқиғасы анықталды, бұл өткізілген тексерістердің жалпы санының 65 %-ын құрайды. 2 463 160 теңге сомасында 12 айыппұл салынды, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін мұнай өнімдерінің жалпы сомасы 2 771 385 теңге болатын 12 топтамасын өткізуге тыйым салынды. Тексерілмеген және ҚР МӨЖ Тізіліміне енгізілмеген өлшем құралдарының 88 бірлігін қолдануға тыйым салынды.
Бұзушылық фактілері Алматы қ., Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағында анықталды.
Негізгі бұзушылықтар өткізілетін жанармайдың екшемдік құрамы бойынша ("Төлеби ГазОйл" ЖШС, Шымкент қ.), дизель отынының тұтану температурасы көрсеткіші бойынша ("Ойл КЗ Мұнай Өнімдері" ЖШС, Алматы қ.) сәйкессіздік болып табылады. Тексерілмеген өлшем құралдарын қолдану және толық құймау фактілері орын алып отыр ("Сонар Мұнай Өнімдері", Алматы қ.).
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 757 "Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы" жарлығына сәйкес 2014 жылғы сәуір айынан бастап 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін ҚР ИЖТМ ТРМК шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді тоқтатты.
Сонымен қатар, осы жұмыс ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жалғаса береді. Бұл ретте жанармайдың тиісінше сапасыздығына толық жауапкершілік өткізуші ретінде АМҚС жүктелетінін тұтынушылардың естеріне салған дұрыс. Автомобиль сапасыз отынның себебінен істен шыққан жағдайда, тұтынушы қайта құрылған уәкілетті орган - ҚР Тұтынушылардың құқығын қорғау агенттігіне жүгінуге құқылы".
тақырып бойынша жаңалықтар
Роман Скляр ExxonMobil компаниясының басшылығымен кездесті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан мен ЭЫҰ стратегиялық әріптестікті арттыруда: тауар айналымы $15 млрд-тан асты
Қазақстан - ЭЫҰ-ның айрықша әріптесі. Біз Қазақстанды өңірлік хаб және ЭЫҰ елдері мен Еуропа арасындағы көпір ретінде қарастырамыз", - деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Базалық мөлшерлемені 18,0% деңгейінде сақтау туралы
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алдағы 4 жылда Қазақстан 5 мың шақырым жаңа теміржол салады - Олжас Бектенов ТЖЫҰ конференциясының отырысында
Экономиканың аса маңызды күретамырына айналған Қазақстанның теміржол саласы халқымыздың өмір сапасын жақсартып, орнықты өсімді қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып келеді. Ұйымның 70 жылдығына орайластырылған алқалы жиын тоғыз жолдың торабында, Еуразия құрлығының дәл ортасында өтіп отыр. Мұның мәні зор. Заманауи әрі тиімді көлік жүйесі біз үшін халықаралық жеткізу тізбектеріне бейімделе отырып, жаһандық экономикаға ықпалдасуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Біздің ортақ мақсатымыз - Еуразияны біртұтас әрі үздіксіз жұмыс істейтін көлік жүйесіне айналдыру. Қазақстан - жаһандық мұхитқа тікелей шығар жолы жоқ әлемдегі ең ірі мемлекет. Бірақ біз осы географиялық ерекшелікті стратегиялық артықшылығымызға айналдыру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Соңғы 15 жылда біз көлік саласына шамамен $35 млрд қаражат салдық. 2,5 мың шақырымнан астам жаңа магистральдық жолдар салынды. Бүгінде "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" бағыты бойынша барлық құрлықтағы транзиттік тасымалдардың 85%-ға жуығы Қазақстан арқылы өтеді. Бірақ мұнымен тоқтап қалмаймыз. Алдағы 4 жылда тағы 5 мың шақырым жаңа теміржол салуды жоспарлап отырмыз. Біздің мақсатымыз - 2035 жылға қарай транзит көлемін жылына 100 млн тоннаға дейін жеткізу", - деп атап өтті Премьер-министр.
Қазақстан Президенті цифрлық технологиялардың дамуына зор мән бере отырып, 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Осы орайда, қазіргі таңда TezCustoms платформасы енгізілуде. Ол Қытаймен шекарада рәсімдеу уақытын 8 сағаттан 30 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Аталған жұмыс басқа елдермен де жалғасуда", - деп атап өтті Премьер-министр. Сондай-ақ Ұйымның қатысушыларын теміржол желілерінің өткізу қабілетін арттыру мақсатында озық цифрлық шешімдерді белсенді пайдалануға шақырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстандағы конституциялық реформа S&P, Moody’s және Fitch агенттіктерімен талқылаудың негізгі тақырыбына айналды
Біз тыңайтқышты қолдану көлемін едәуір арттырдық. Егер осыдан үш жыл бұрын біз небәрі 600 мың тонна пайдалансақ, бұл ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту үшін жеткіліксіз болды, ал өткен жылы 1,8 млн тоннаға жетті. Биылғы мақсат - 2,3 млн тонна", - деп атап өтті вице-премьер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Әлеуметтік маңызы бар сала: ӨҚМ бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, жеңіл өнеркәсіпті дамыту бағдарламасын әзірлеуге кіріседі
Жеңіл өнеркәсіп біз үшін халықты жұмыспен қамту тұрғысынан өте маңызды. Мысалы, Түркістан облысында, еліміздің ең көп қоныстанған облысында жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ең көп саны бар. Олардың одан әрі дамуымен жергілікті халықты жұмыс орындарымен және лайықты жалақымен қамтамасыз ету мүмкіндігі бар. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бизнеспен бірлесіп, жеңіл өнеркәсіпті дамыту бағдарламасын әзірлеуді бастауы қажет. Құжатта базалық кәсіпорындар, олардың ағымдағы көрсеткіштері мен мақсатты бағдарлары анықталуы керек. Қарсы міндеттемелер, ең алдымен, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту және өндірісті ұлғайту", - деп атап өтті Серік Жұманғарин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба: 34 жоба жүзеге асыру сатысында
Бәйтерек" холдингі мыңнан астам өтінімді қарады. Екінші кезеңде жалпы сомасы 300 млрд теңгеден асатын 144 жоба келісілді. Оның ішінде 89-ы - Қазақстанның даму банкі мен екінші деңгейлі банктер арқылы тікелей кредиттеу тетігі бойынша, 55-і - Қазақстандық тұрғын үй компаниясы арқылы мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу тетігі бойынша мақұлданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
346 мың өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат және 1,2 млн кәсіпкер арнайы режимді таңдады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
24.04.2026, 21:57Қазақстан мен Германия "жасыл" стратегиялық серіктестікті нығайтуда: климат, су және орнықты даму 27.04.2026, 11:09 109546Қазақстан мен БАӘ стратегиялық серіктестікті нығайтуға бейілділіктерін растады29.04.2026, 13:35 107786Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чехия Премьер-министрі Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді29.04.2026, 10:42 107516Орынбор облысының іскер топтары Қазақстан өңірлерімен ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі24.04.2026, 23:56 104861Қазақстан мен Латвия екіжақты қатынастарды тереңдетуге ұмтылысын растады
10.04.2026, 23:02 727061Қазақстан-Польша Үкіметаралық комиссиясы аясында ынтымақтастық перспективалары қарастырылды13.04.2026, 21:35 473936Қазақстан СІМ-де Франция Сенаты делегациясымен кездесу өтті14.04.2026, 09:37 473811Латвия мен Қазақстан көлік және логистика салаларындағы екіжақты байланыстарды нығайтуды жалғастыруда13.04.2026, 19:54 Қазақстан CІМ басшысы мен ҰҚШҰ Бас хатшысы бұдан әрі болатын өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылады473736Қазақстан CІМ басшысы мен ҰҚШҰ Бас хатшысы бұдан әрі болатын өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылады10.04.2026, 22:00 462396Сеулде "Орталық Азия - Корея Республикасы" алғашқы саммитіне дайындық мәселелері талқыланды

