13.07.2017, 15:44 4575

Қазақстанныӊ оӊтүстігінде жеміс-жидек агропарктері құрылады

Жамбыл және Оӊтүстік Қазақстан облыстарыныӊ экономикалық әлеуетін арттыру мақсатында мемлекеттік және жеке секторларды шоғырландыру арқылы шағын және орта бизнеске, әсіресе ауыл шаруашылығын дамытуға инвестиция тарту үшін алдағы жылдары осы аймақтарда жеміс-жидек сақтау қоймаларын салу, жеміс-жидек бақтарын, өӊдеу кәсіпорындары мен аралас өндірісті дамытуда ауқымды жұмыстар атқарылмақ

Астана. 13 шілде. Kazakhstan Today - Жамбыл және Оӊтүстік Қазақстан облыстарыныӊ экономикалық әлеуетін арттыру мақсатында мемлекеттік және жеке секторларды шоғырландыру арқылы шағын және орта бизнеске, әсіресе ауыл шаруашылығын дамытуға инвестиция тарту үшін алдағы жылдары осы аймақтарда жеміс-жидек сақтау қоймаларын салу, жеміс-жидек бақтарын, өӊдеу кәсіпорындары мен аралас өндірісті дамытуда ауқымды жұмыстар атқарылмақ.

Осы бағытта "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, Жамбыл облысыныӊ әкімдігі мен "Тараз" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (ары қарай - "Тараз" ИКК" ҰК" АҚ), сондай-ақ "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімдігі мен "Шымкент" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (ары қарай - "Шымкент" ИКК" ҰК" АҚ) арасында ынтымақтастық жөніндегі үш жақты меморандум бекиді деп жоспарланып отыр.

Бау-бақша шаруашылығын дамыту жоғары мультипликативтік нәтижеге ие. Бұл - контейнер жасау, қаптау, техниканы құрастыру, тамшылатып суару және т.б. өндірістер бойынша жобаларды құруға мүмкіндік береді.

Жергілікті атқарушы органдар жер учаскелерін беріп, инфрақұрылым мен ғимарат құрылысына жауапты болса, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ клиенттерді тартып, экспортқа бағдарланған "АгроЭкспорт" бағдарламасы бойынша жеӊілдікпен қаржыландыру жұмыстарын жүзеге асырмақ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны