15.10.2018, 14:49 5177

Қазақстанныӊ ҰЭМ басшысы АҚШ-тағы әріптестерімен ынтымақтастық мәселесін талқылады

АҚШ Сауда өкілдігініӊ орынбасары Д. Геришпен кездесу барысындағы маӊызды мәселеніӊ бірі Қазақстанныӊ АҚШ бас преференция жүйесіне қатысуы болды.

Астана. 15 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Вашингтонға жұмыс сапары барысында америкалық әріптестермен ынтымақтастық жәйі, бұдан бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру және Штаттыӊ санкциялық саясаты сынды бірқатар мәселелерді талқылады.

Келіссөздер барысында ү.ж. қаӊтардағы Қазақстан мен АҚШ президенттерініӊ арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға баса назар аударылды. Сонымен бірге, АҚШ-тыӊ Ресейге қарсы санкциялар енгізу жағдайындағы Қазақстанныӊ экономикалық мүддесініӊ сақталуы мен Қазақстанныӊ ЭЫДҰ-ға ықтимал мүшелігін ілгері жылжыту жәйі сөз болды.

Америкалық тарап бірқатар елдерге қарсы экономикалық санкциялардыӊ АҚШ-тыӊ маӊызды әріптесі - Қазақстан Республикасына қатысы жоқтығына сендірді. Сонымен қатар, санкциялардыӊ Қазақстан экономикасына ықтимал экономикалық әсерін азайтуға бағытталған белсенді диалогты қолдау туралы нақты уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қазақстанныӊ ЭЫДҰ-ға ықтимал мүшелігін ілгері жылжыту және еліміздіӊ Ұйымныӊ бірқатар комитеттеріндегі мәртебесін көтеруді талқылау барысында америкалық тарап аталған бағытта жәрдем көрсетуге дайын екендігін білдірді.

ҚР ҰЭМ басшысыныӊ АҚШ Мемлекеттік департаментініӊ өкілдерімен кездесуі барысында АҚШ санкцияларыныӊ ықтимал әсері талқыланып, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, азық-түлік өнімдерін қайта өӊдеу мен өндіру саласындағы жаӊа бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылық білдірілді. Екі ведомство тарапынан да бұл мәселелер бойынша тұрақты және белсенді пікір алмасуды қолдайтын жауапты тұлғалар белгіленді.

АҚШ Коммерциялық министрі У.Росспен кездесу барысында сауда-экономикалық өзара әрекеттестікке қатысты ауқымды мәселелер талқыланды.

АҚШ Коммерция министрі америкалық сауда миссиясыныӊ басқаруымен 24-25 қазандағы Астана және Алматы қалаларына өзініӊ алдағы сапары барысында екі елдіӊ іскерлік тобыныӊ арасындағы нақты келісімшарттарға қол қойылып, екіжақты келісімдерге қол жеткізудіӊ сәті түсетініне сенім білдірді. У. Росс сондай-ақ Қазақстандағы зияткерлік меншік құқығын нақты іске қосуға қатысты прогрессті оӊ бағалады.

Бұдан басқа, 2020 жылы Қазақстан Республикасында ДСҰ Министрлік конференциясын (ДСҰ басқармасыныӊ жоғарғы органы) өткізуді есепке алғанда, жаһандық сауда шарттарын жақсарту, халықаралық сауда жүйесі тетіктерін жетілдіру мәселелері бойынша сарапшылық деӊгейде пікір алмасу және тұрақты диалог орнату туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

АҚШ Сауда өкілдігініӊ орынбасары Д. Геришпен кездесу барысындағы маӊызды мәселеніӊ бірі Қазақстанныӊ АҚШ бас преференция жүйесіне қатысуы болды.

Иӊгімелесу кезінде фармацевтика, ауыл шаруашылығы және инфрақұрылым саласындағы бірлескен жобаларды іске асырудыӊ мүмкіндігі талқыланды.

Сондай-ақ, сенаторлар М. Крэйпомен (республикашы, банк комитетініӊ басшысы), К. Ван Холленмен және Р. Менендезбен (демократтар) қазіргі жағдай, Қазақстандағы жүргізіліп жатқан реформалар және АҚШ-пен ел аралық қарым-қатынастар туралы ақпарат алуға бағытталған кездесулер өткізілді.

Сонымен қатар, Сенаттағы түрлі санкциялық заӊ жобаларын қарау кезінде Қазақстанныӊ ұлттық экономикалық мүддесін, сондай-ақ Қазақстандағы америкалық инвесторлардыӊ мүдделерін ескеру қажеттігі атап көрсетілді.

Сенаторлар да өз кезегінде, Қазақстанныӊ аймақтағы басты әріптес ретіндегі маӊыздылығын растап, Ресейге қарсы санкциялардыӊ Қазақстанныӊ экономикасына қатыссыздығын атап көрсетті. Сарапшылық деӊгейдегі тұрақты диалогты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны