23.02.2017, 19:07 8240

ҚДБ Шығыс Қазақстан облысындағы шағын Су электр станциясыныӊ құрылысын қаржыландыруды ашты

"Жасыл энергетика" саласындағы жоба ШҚО Зырянов ауданыныӊ электр энергиясына сұранысыныӊ төрттен бір бөлігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді

Астана. 23 ақпан. Kazakhstan Today - ҚДБ Шығыс Қазақстан облысындағы шағын Су электр станциясыныӊ құрылысын қаржыландыруды ашты. "Жасыл энергетика" саласындағы жоба ШҚО Зырянов ауданыныӊ электр энергиясына сұранысыныӊ төрттен бір бөлігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді,- деп хабарлайды "Қазақстанныӊ даму банкі" АҚ баспасөз қызметі.

"Қазақстанныӊ даму банкі" АҚ ("Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ еншілес ұйымы, бұдан әрі - Банк, ҚДБ) Шығыс Қазақстан облысында қуаты 24,9 МВт болатын Тұрғысын гидроэлектр станциясын (ГЭС) салу жобасын (бұдан әрі - Жоба) қаржыландыруды ашты. Жобаныӊ жалпы құны 11,6 млрд теӊгені құрайды, ҚДБ тарапынан қарыз 5 млрд теӊгені құрады, несиелеу мерзімі - 12жылға дейін. Жоба ҚР Индустриялық-инновациялық дамудыӊ 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржыландырылады.

ШҚО Зырянов ауданындағы Тұрғысын өзенінде шағын Су электр станцияларыныӊ каскадынан алғашқы гидроэлектр станциясын салу аталған ауданныӊ электр энергиясы қажеттілігін23%-ға қамтамасыз етуге, көмірқышқыл газ шығарылуын жылына 680 тоннаға қысқартуға мүмкіндік береді. Тұрғысын 1-Су электр станциясы жылына 79,8 млн киловатт сағатқа дейін электр энергиясын өндіре алады.

"Бұл Қазақстандағы "жасыл энергетиканы" қолдау туралы заӊ аясында жүзеге асырылатын ҚДБ үшін алғашқы жоба. Жоба өндірістік инфрақұрылым нысандарын қаржыландыру бойынша ҚДБ мандатына сәйкес келеді. Шығыс Қазақстан үшін өзекті Жобаны жүзеге асырудыӊ экологиялық аспекті маӊызды. Илеуметтік әсер Су электр станциясыныӊ құрылысы кезеӊінде 300 жұмыс орнын ашу болмақ", - деп атап өтті ҚДБ Дирекциясыныӊ клиенттермен жұмыс жасау жөніндегі аға банкирі Айжан Бітебаева.

Бүгінгі таӊда Жоба аясында ілеспе инфрақұрылым құру бойынша жұмыс аяқталды - кірмежолдар, электр беріліс желілері, көрмелер жүргізілді. Үш гидроагрегаттан тұратын негізгі су торабыныӊ құрылысы 2017 жылы барлық дайындық кезеӊдері аяқталған соӊ басталады. Су электр станциясыныӊ құрылысын 2018 жылға қарай аяқтау жоспарланған. Жабдық жеткізуші және Жобаныӊ бас мердігері - ҚДБ тарапынан қаржыландырылған Алматы облысындағы Мойнақ Су электр станциясын жобалауға және салуға қатысқан Қытай су шаруашылығы және энергетикасы халықаралық корпорациясы.

"Алғашқы Тұрғысын Су электр станциясын салу жобасы Қазақстандағы "жасыл энергетика" және энергияныӊ жаӊартылмалы көздерін дамытуда маӊызды қадам болып табылады. Су электр станциясыныӊ негізгі артықшылықтары - бұл отынға баға жағдаятынан тәуелсіздігі, пайдаланудыӊ ұзақ мерзімі, негізгі ресурстыӊ жаӊартылмалылығы, электр энергиясыныӊ төмен өзіндік құны. Жобаны жүзеге асырудыӊ экологиялық жағы Тұрғысын өзенініӊ балық әлемін сақтауды қарастырады", - деп атап өтті "Тұрғысын-1" ЖШС директоры Қалаубек Баймұханбетов.

ШҚО-ныӊ энергия ресурстары қажеттілігі артып келеді: егер 2014 жылы өӊірдегі Қазақстанныӊ басқа аймақтарынан жеткізу және Ресейден электр энергиясын импорттау есебінен қамтылған энергия тапшылығы1,9 млрд киловатт-сағатты құраса, 2015 жылы - 2,2 млрд киловатт-сағат болды.

"Қазақстанныӊ Даму Банкі" АҚ (ҚДБ) - 2001 жылы құрылған Қазақстан экономикасыныӊ шикізат емес және инфрақұрылым секторын жаӊғырту мен дамыту жөніндегі ұлттық даму институты. Қызметініӊ негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылым мен өӊдеу өнеркәсібін дамыту, ел экономикасына ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту және жәрдемдесу. ҚДБ индустриялық-инновациялық дамудыӊ мемлекеттік бағдарламаларыныӊ ірі инвестициялық операторларыныӊ бірі болып табылады. ҚДБ "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ құрылымына кіреді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны