19.09.2018, 16:10 5060

ҚИК шетелдік әріптестерімен жалға берілетін жылжымайтын мүлікті басқару тәжірибесімен бөлісті

Конференцияға Түркменстаннан, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан және Тәжікстаннан Орталық Азия елдерініӊ өкілдері, сондай-ақ Германиядан, Ресейден, Украинадан, Молдавия, Латвия және Белоруссиядан халықаралық сарапшылар қатысты.

Алматы. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - 11-12 қыркүйекте Алматыда Инвестициялар және даму министрлігі және Қазақстанныӊ БҰҰДБ ұйымдастырған "Орталық Азия елдеріндегі тұрғын үйді басқару, ұстау және жаӊғырту" халықаралық конференциясыныӊ аясындаҚазақстан Ипотекалық Компаниясы бірқатар мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын жүзеге асыру аясында салынған жылжымайтын мүлікті басқару бойынша өзініӊ тәжірибесі туралы баяндады.

2018 жылғы тамызда Қазақстан Ипотекалық Компаниясытәуелсіз Қазақстанныӊ бүкіл тарихында еӊ ірі мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында әлеуметтік жағынан осал азаматтар үшін "Сатып алу құқығымен жалға беру" бағыты бойынша салынған тұрғын үйдіӊ миллионыншы шаршы метрін беруді енгізу туралы хабарлады. Осы бағыт бойынша салынған пәтерлерде қазіргі кезде 17,5 мыӊ отбасы немесе 50 мыӊдай адам тұрып жатыр.

Тұрғындар үшін арнайы тағайындалған дөӊгелек үстел аясында тұрғын үйді салу, сатып алу, басқару және ұстау бойынша тәжірибесі жөніндегі өз баяндамасында "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ Басқарма Төрағасыныӊ орынбасары Айсұлтан Акчурин айтып берді.

Үйлерді басқарудыӊ ағымдағы түрініӊ тиімділігін арттыру және тұрғындар, жергілікті атқарушы органдар және коммуналдық қызметтермен өзара қарым-қатынастарды қалыптастыру үшін ҚИК өткізген іс-шаралары халықаралық сарапшылардыӊ ерекше қызығушылығын туғызды.

"Осындай үлкен көлемді жылжымайтын мүлікті салу мен басқаруда барлық тартылған құрылымдармен жақсы қарым-қатынас жасау өте маӊызды.Біздіӊ жағдайымызда нысанды тікелей салатын құрылысшы бар, қажетті инженерлік және коммуналдық инфрақұрылымды жүргізетінәкімшілік бар және тұрғын үйді кезекте тұрғандарға белгіленген мерзімде беру туралы міндеттемелер алған ҚИК бар. Біздіӊ іс-әрекеттеріміздіӊ келісілмегендігі тікелей өз баспанасын күтіп отырған адамдарға әсер етеді, ал бұл біз үшін тиімсіз жағдай",- деп атап өтті Айсұлтан Акчурин.

Сондай-ақ Қазақстан Ипотекалық Компаниясыныӊ Басқарма Төрағасыныӊ орынбасарытұрғындарды тұрғын үй нысандарын басқару үдерісіне тартудыӊ маӊыздылығы, жалға алушылармен кері байланыс орнату және басқару үдерісін автоматтандыру менүйлерге қызмет көрсетутуралы айтты. Соӊғы міндетті жүзеге асыру үшін Компания 2018 жылдыӊ соӊына дейін Компания және қызмет көрсететін ұйымдар үшін де, сондай-ақ тұрғындардыӊ өздері үшін де бизнес үдерісті барынша жеӊілдетуге мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етуді (электронды ПИК) енгізуді көздеп отыр. Қосымша ПИК өтінімдерді, шағымдарды, ұсыныстарды беру және қабылдау, коммуналдық төлемдерді төлеу және бақылау, жиналыстар мен дауыс берулерге қатысу, есептерді қалыптастыру, аналитиканы жинауына және көптеген басқа да үдерістерді онлайнға көшіруге мүмкіндік береді.

Бірлескен ұйымдастырушылар: PRO HOUSE - Қазақстан мен Өзбекстандағытұрғын үйді кәсіптік басқару, Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ Елді мекендер жөніндегі бағдарламасы (БҰҰ-Хабитат), Еуропалық экономикалық комиссия (ЕЭК) және Қазақстан Ипотекалық Компаниясы болды.

Конференцияға Түркменстаннан, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан және Тәжікстаннан Орталық Азия елдерініӊ өкілдері, сондай-ақ Германиядан, Ресейден, Украинадан, Молдавия, Латвия және Белоруссиядан халықаралық сарапшылар қатысты.

Анықтама: "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" акционерлік қоғамы(бұдан әрі- "ҚИК"ИҰ"АҚ ) Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ 2000 жылғы 21 тамыздағы № 1290 қаулысыменбекітілген тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімді қаржыландыру және ипотекалық несие беру жүйесін дамыту тұжырымдамасына сәйкес құрылды. "ҚИК"ИҰ"АҚ құрудағы басты мақсат ипотекалық облигацияларды шығару арқылы екінші деӊгейлі банктерді қайта қаржыландырумен еліміздегі азаматтардыӊ ипотекалық несиелергеқолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады."ҚИК"ИҰ"АҚ миссиясы - тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны