22.05.2018, 11:30 5314

Қытай инвесторы Қазақстанда 320 млн. АҚШ долларына қамыстан целлюлоза және қағаз өндіріп шығару жобасын іске асыруға ниет білдірді

Инвестор жобаға кезеӊ-кезеӊмен 320 млн. АҚШ долларын салуды жоспарлап отыр. Іске асырылған жағдайда қамыстан целлюлоза және қағаз өндірісініӊ көлемі жыл сайын 200 мыӊ тоннаны құрайтын болады. Фабрикаға 2 мыӊнан аса адам жұмысқа алынады деп жоспарлануда.

Астана. 22 мамыр Kazakhstan Today - Астанада 21 мамырда "Kazakh Invest" компаниясы басқармасыныӊ төрағасы Сапарбек Тұяқбаев Қытайдыӊ "Qifeng New Material" компаниясыныӊ басшысы Ли Хуфенгпен кездесті

Кездесу барысында қамыстан целлюлоза және қағаз өндіріп шығару жобасын іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Инвестор жобаға кезеӊ-кезеӊмен 320 млн. АҚШ долларын салуды жоспарлап отыр. Іске асырылған жағдайда қамыстан целлюлоза және қағаз өндірісініӊ көлемі жыл сайын 200 мыӊ тоннаны құрайтын болады. Фабрикаға 2 мыӊнан аса адам жұмысқа алынады деп жоспарлануда. Өндірісте қағазды ағартудыӊ хлор құрамынсыз экологиялық технологиясы - ECF (Elementary Chlorine Free) маркерлеуімен қолданылатын болады.

"Qifeng New Material" өкілдері шетелдік компанияларға ұсынылатын инвестициялық преференциялармен танысты. "Kazakh Invest" компаниясыныӊ өкілдерімен бірлестікте жобаны іске асыратын орын таӊдау үшін бірқатар өӊірлерге бару жөнінде келісімге қол жеткізілді.

Анықтама үшін: "Qifeng New Material" сәндік қағаз және тоқыма емес тұсқағаз жартылай фабрикатыныӊ әлемдегі еӊ ірі өндірушісі болып табылады. Өнімдері әлемніӊ 30-дан аса еліне экспортталады. Компанияныӊ 212 ұлттық патенті және шешуші өнертабыстарға 18 патенті бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны