17.08.2017, 16:58 4823

Қызылорда облысына келген туристердіӊ саны 12 580 адамды құрап, өткен жылдыӊ тиісті кезеӊімен салыстырғанда 32,4%-ға артқан

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2017 жылдыӊ қаӊтар-наурыз аралығында Қызылорда облысына келген туристердіӊ саны 12 580 адамды құрап, өткен жылдыӊ тиісті кезеӊімен салыстырғанда 32,4%-ға артқан.

Қызылорда. 17 тамыз. Kazakhstan Today - Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2017 жылдыӊ қаӊтар-наурыз аралығында Қызылорда облысына келген туристердіӊ саны 12 580 адамды құрап, өткен жылдыӊ тиісті кезеӊімен салыстырғанда 32,4%-ға артқан.

Қазіргі таӊда орналастыру орындарыныӊ саны 90 бірлікті құрайды. Орналастыру орындарында бір жолғы сыйымдылығы 1 826 төсек-орынды құрайтын 1 029 нөмір бар. Осы жылдыӊ алғашқы 3 айында орналастыру орындарымен 12 мыӊнан аса келушілерге 187 млн. теӊге көлемінде қызмет көрсетілген.

Сондай-ақ, Арал ауданындағы "Қамбаш" көлініӊ жағалауында жағажай туризмін дамыту қолға алынуда. Қазіргі таӊда көл жағалауында туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында құрылысы тез тұрғызылатын материалдан жасалған 12 тұрғын үй жұмыс жасауда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны