18.11.2017, 14:30 5869

Қызылорда облысынан Біріккен Араб Имірлігі мен Иран Ислам Республикасына 1944 бас ұсақ мал жіберілді

Бүгінде облысқа аусыл ауруы бойынша вакцина қолданатын таза аймақ мәртебесі беріліп, буферлік аймақтан алынды. Бұл бізге халықаралық сауда кеӊістігін кеӊейтуге зор мүмкіндік береді.

Қызылорда. 18 қараша. Kazakhstan Today - Биыл Қызылорда облысынан 10000 бас ұсақ мал экспорттау жоспарланса, қазіргі кезде Біріккен Араб Имірлігі мен Иран Ислам Республикасына 1944 бас ұсақ мал жіберілді. Бұл туралы Өӊірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте Қызылорда облыстық ветеринария басқармасыныӊ басшысы Ерсұлтан Ипетов хабарлады.

Бүгінде облысқа аусыл ауруы бойынша вакцина қолданатын таза аймақ мәртебесі беріліп, буферлік аймақтан алынды. Бұл бізге халықаралық сауда кеӊістігін кеӊейтуге зор мүмкіндік береді.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мал шаруашылығы өнімдерініӊ экспорттық әлеуетін арттыру және ветеринария жүйесін жетілдіру қазіргі күні Елбасы белгілеген міндеттердіӊ бірі. Облыс аумағындағы сала дамытуда осы талаптартарға баса мән беріледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны