25.07.2017, 19:48 4809

Қызылорда облысында 18 мал бордақылау алаӊы жұмыс істеп жатыр

Осыдан 2 жылдай бұрын қолға алынған бастама аясында қазір Қазалы ауданы "Сыр маржаны" серіктестігініӊ мал бордақылау алаӊында 250 бас ірі қара мал бағылуда. Бүгінгі күні мұнда сиыр етін экспортқа шығару мақсатында Ресейдіӊ Астрахань облысымен келісімдер жүргізіліп жатыр.

Қызылорда. 25 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында ауылшаруашылығындағы басым міндеттіӊ бірі ет экспортын жолға қою. Облыс шаруашылықтары арасында қазір осы бағытта жүйелі жұмыс атқарылып келеді.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарыныӊ мәліметінше бүгінде аймақта ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерініӊ өз қаржыларына салынған 18 мал бордақылау алаӊы жұмыс істеп жатыр.

Сонымен қатар, 2015-2016 жылдары 6 мыӊ бас мал бордақыланатын алаӊдар жаӊадан қосылды. Осыдан 2 жылдай бұрын қолға алынған бастама аясында қазір Қазалы ауданы "Сыр маржаны" серіктестігініӊ мал бордақылау алаӊында 250 бас ірі қара мал бағылуда. Бүгінгі күні мұнда сиыр етін экспортқа шығару мақсатында Ресейдіӊ Астрахань облысымен келісімдер жүргізіліп жатыр.

Сырдария ауданындағы "Шаған Жер" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде де 3000 бас мүйізді ірі қара малын бордақылауға арналған алаӊыныӊ құрылысы аяқталды. Қазір серіктестік басшылығы бордақыға қоятын МІҚ малдарын алу бағытында жұмыс істеп жатыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны