28.04.2017, 18:32 6687

Қызылорда облысында 2017 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйлердіӊ жалпы ауданын 518,9 мыӊ шаршы метрге жеткізу жоспарлануда

Қазіргі уақытта Сырдария өзенініӊ сол жағалауында жаӊа қала бой көтеруде. Сырдария өзенініӊ сол жағалауын игеру мәселесі 2009 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ 2009 жылғы 17 шілдедегі №1087 қаулысымен бекітілген Қызылорда қаласыныӊ бас жоспарыныӊ негізінде қарастырылған.

Қызылорда. 28 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында 2017 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйлердіӊ жалпы ауданын 518,9 мыӊ шаршы метрге жеткізу жоспарлануда. Бұл туралы "Сыр бойы" басылымына облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасыныӊ басшысы Мұхамедиса Илсеріков мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бұдан бұрын да хабарланғандай, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтыӊ "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауында құрылыс секторын дамытып, оныӊ отандық экономиканыӊ толыққанды драйверіне айналуы тиіс деп міндет қойылып отыр.

Елбасы тапсырмасы бойынша биыл "Нұрлы жер" тұрғын үй бағдарламасы іске асырыла бастады. Бұл бағдарлама ҚР Үкіметініӊ 2016 жылғы №922 қаулысымен бекітілген. Бағдарламаныӊ мақсаты халық үшін түрғын үйдіӊ қолжетімділігін арттыру.Ол аса маӊызды міндетті орындауға алдағы 15 жылда 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған.

Бағдарламада тұрғын үй нарығын дамытудыӊ кешенді шаралары көрініс тапқан. Соныӊ бірі - "Даму" акционерлік қоғамы арқылы мемлекеттіӊ субсидия беруі есебінен құрылыс салушылар үшін банк несиесін арзандату. Тұрғындар үшін "Қазақстан ипотекалық компаниясы" акционерлік қоғамы арқылы банктер беретін ипотекалық несиені субсидиялау жүзеге асырылады. "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" салымшылары үшін әкімдіктердіӊ несиелік тұрғын үй салуы жалғасады. Оған ілгеріде бөлінген қаржы "револьвер" қағидаты бойынша қайта пайдаланылады.

Икімдіктер халықтыӊ әлеуметтік әлсіз топтары үшін сатып алу құқығынсыз арендалық тұрғын үй бөлу ісін дамыта беретін болады. Жаппай тұрғын үй құрылысы үшін бас жоспарға және түбегейлі жоспарлау жобасына сәйкес әкімдер тиісті жер телімдерін бөлуге тиіс. Қалаларда жеке тұрғын үйлердіӊ бірыӊғай сәулет стилінде салынуына мән берілетін болады. Бұл үшін мемлекет қажетті инфрақұрылым тұрғысынан көмек көрсетілетін болады.

Қызылорда облысы бойынша "Нұрлы жер" бағдарламасымен төменде көрсетілген бағыттар бойынша тұрғын үй құрылыстары жүргізілетін болады.

Ипотекалық несиелендіруді қолдау;

Тұрғын үй құрылысын жеке құрылыс салушылар арқылы жүзеге асырылуын ынталандыру;

Несиелік тұрғын үй құрылысын тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесі арқылы жүзеге асыру;

Арендалық тұрғын үйдіӊ өӊірлік қорын құру;

Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту.

Жолдаудағы тапсырмаға сәйкес 2017 жылы облыс бойынша барлық қаржыландыру көздерінен 2211 пәтерлі 150,3 мыӊ ш.м. құрайтын 40 көпқабатты тұрғын үйдіӊ құрылысын жүргізіп, пайдалануға беру және "Пайдалануға берілген тұрғын үйлердіӊ жалпы ауданы" көрсеткішін 518,9 мыӊ шаршы метрге жеткізу жоспарлануда.

Атап айтсақ:

1) "Байтерек Девелопмент" АҚ желісі арқылы барлығы 29,7 мыӊ ш.м. құрайтын 420 пәтерлі 7 көпқабатты тұрғын үйлер, оныӊ ішінде:

- "СПМК-70" ауданында 5 тұрғын үй (300 пәтер,21,6 мыӊ.ш.м.) - 2016 жылдан өтпелі. Тұрғын үйлер 2017 жылдыӊ наурыз айында пайдалануға берілді.

- "СПМК-70/3" ауданында 2 көпқабатты тұрғын үй (120 пәтер - 8,2 мыӊ.ш.м.);

2) Облигациялар шығару есебінен 2016 жылы ҚР Ұлттық қоры есебінен Жаппасбай батыр көшесі мен Титов қыстағында барлығы 44,5 мыӊ ш.м. құрайтын 680 пәтерлі 14 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілді. 2017 жылы тұрғын үйлердіӊ құрылысын аяқтауға облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, үйлер наурыз айында пайдалануға берілді.

3) "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ желісімен 27,0 мыӊ ш.м. құрайтын 400 пәтерлі 5 көпқабатты тұрғын үйлердіӊ құрылысы қаламыздыӊ Жаппасбай батыр, Демесінов көшелері бойында жүргізілуде.

- Жаппасбай батыр көшесініӊ бойынан 1 көпқабатты тұрғын үй (170 пәтер -10,9 мыӊ.ш.м.) - аяқталу мерзімі 2017 жыл;

Демесінов көшесініӊ бойынан 4 көпқабатты тұрғын үй (230 пәтер -15,7 мыӊ.ш.м.) - аяқталу мерзімі 2017 жыл.

4) Арендалық үйлер бойынша Жаппасбай батыр №2 ауданында 2 тұрғын үйдіӊ (210 пәтер,13,2 мыӊ.ш.м.) құрылысына ҚР Ұлттық қорынан қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде, оныӊ ішінде:

-160 пәтерлі (10,0 мыӊ.ш.м.) №8 тұрғын үйдіӊ аяқталу мерзімі 2017 жыл;

-50 пәтерлі (3,2 мыӊ.ш.м.) №16 тұрғын үйдіӊ аяқталу мерзімі 2018 жыл.

5) Жеке құрылыс компаниялар арқылы 39,5 мыӊ ш.м. құрайтын 551 пәтерлі 13 көпқабатты тұрғын үй құрылысы қаламыздыӊ "Арай-3", "Сәулет", "Шұғыла" тұрғын аудандарында және Желтоқсан көшесінде жүргізілуде.

- "Арай-3" тұрғын ауданында 5 көпқабатты тұрғын үй (208 пәтер 15,3 мыӊ ш.м.) - аяқталу мерзімі 2017 жыл;

- "Сәулет" шағын ауданында 1 көпқабатты тұрғын үй (100 пәтер 7,1 мыӊ ш.м.) - аяқталу мерзімі 2017 жыл;

- Желтоқсан көшесініӊ бойынан 1 көпқабатты тұрғын үй (33 пәтер -2,3 мыӊ.ш.м.) - аяқталу мерзімі 2017 жыл.

- "Шұғыла" шағын ауданында 6 көпқабатты тұрғын үй (210 пәтер, 14,8 мыӊ ш.м) - аяқталу мерзімі 2017 жыл.

Қазіргі уақытта Сырдария өзенініӊ сол жағалауында жаӊа қала бой көтеруде. Сырдария өзенініӊ сол жағалауын игеру мәселесі 2009 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ 2009 жылғы 17 шілдедегі №1087 қаулысымен бекітілген Қызылорда қаласыныӊ бас жоспарыныӊ негізінде қарастырылған.

Бас жоспардыӊ құрамында әзірленген Қызылорда қаласыныӊ қала құрылыстық даму Тұжырымдамасына сәйкес қаланыӊ перспективалық дамуы Сырдария өзенініӊ сол жағалауындағы бос аумақтарда жүзеге асырылады. Айта кету керек, қала Сырдария өзені сияқты ірі су артериясында орналасса да, оныӊ әсемдігі қаланыӊ сәулеттік келбетін қалыптастыруға пайдаланылмаған. Қала құрылыстық жоспар бойынша Сырдария өзені Астана қаласындағы Есіл өзені сияқты табиғи тартымдылығы басым болады.

Сол жағалаудыӊ бас жоспары бойынша салынатын үйлер мен ғимараттар ұлттық және шығыстық нақышта салынатын болады. Қазіргі уақытта 18 тұрғын үйдіӊ, 320 орындық балабақшаныӊ және "Болашақ" университеті ғимаратыныӊ құрылысы басталып, инженерлік-коммуникациялық жүйелердіӊ, сондай-ақ көше-жол торабыныӊ жоба-сметалық құжаттары әзірленуде. Жүйелердіӊ құрылыс жұмыстарын үстіміздегі жылдыӊ І жартыжылдығында бастау көзделуде.

Жоспарға сәйкес Сырдария өзенініӊ сол жағалауында тиімді инвестициялық кли-матты қалыптастыратын әкімшілік-офистік, мәдени-ойын сауық, сауда-көрме, спорттық, коммуналдық, рекреациялық, сондай-ақ мешіттердіӊ, этно орталықтыӊ, 3-4 жұлдызды қонақ үй және элиттік тұрғын үй кешендерініӊ, білім, денсаулық және әлеуметтік объектілердіӊ, 15,0 мыӊ көрерменге арналған стадионныӊ және тағы басқа да объектілердіӊ құрылыстарын жүргізу және көпқабатты тұрғын үй кешендерін салу жоспарланып отыр.

Сонымен бірге, жоба бойынша сол жағалауда жаяу жүргіншілерге арналған бульварлар, су бұрқақтарын, шағын формалар, ландшафтық гүлдермен және әсем бұтақтармен көмкерілген композицияларды, сондай-ақ бульвар бойымен велосипед тебуге арналған жолдар, кафе, ресторандар желісін орнату көзделуде. Жоба бойынша Сырдария өзенініӊ жағалауын абаттандыруға да аса көӊіл бөлінуде. Жоба бойынша оныӊ жағалауы абаттандырылып, көркейтілетін болады. Сол жағалауда жаӊа орталық салу заман талабы, әрі өӊірдіӊ өркендеуіне өз ықпалын тигізеді,- деді басқарма басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны