10.03.2017, 18:30 6495

Қызылорда облысында 47 мыӊнан аса шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген

Қызылорда облысында кәсіпкерлерді қолдау және оларды одан әрі дамыту үшін мемлекет біршама бағдарламаларды қабылдап, инфрақұрылым жүйелерін жеткізу, бизнесті жүргізуге сан алуан субсидияларды төлеу мен шағын бизнеске микрокредиттер беру үшін республикалық бюджеттен жыл сайын қаражат қарастырылуда.

Қызылорда. 10 наурыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында кәсіпкерлерді қолдау және оларды одан әрі дамыту үшін мемлекет біршама бағдарламаларды қабылдап, инфрақұрылым жүйелерін жеткізу, бизнесті жүргізуге сан алуан субсидияларды төлеу мен шағын бизнеске микрокредиттер беру үшін республикалық бюджеттен жыл сайын қаражат қарастырылуда.

Бұл туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысыныӊ міндетін атқарушы Азамат Досжанов мәлімдеді.

А. Досжановтыӊ айтуынша, аталған қолдау шараларыныӊ нәтижесінде аймақтағы шағын және орта кәсіпкерліктіӊ даму көрсеткіштері оӊ серпінге ие. Атап айтқанда, облыста 47 мыӊнан аса шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген.

2016 жылдыӊ 9 айыныӊ қорытындысы бойынша аталған салада 81 мыӊнан аса адам жұмыспен қамтылып, 158,4 млрд. теӊгеніӊ өнімі өндірілген.

- Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеӊейту, елімізде инвестициялық климатты нығайту, жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру керегі, соныӊ ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағытында кешенді шаралар жүргізуге басымдық беріліп отыр. Бұл тұрғыда өӊірде дамыған елдердіӊ озық стандарттары мен тәжірибесін енгізу арқылы жүйелі жұмыстардыӊ қолға алынуы қажеттігі нақтыланды. Биылғы жылдан бастап Елбасыныӊ тапсырмасымен Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы іске асырылмақ, - дейді басқармасы басшысыныӊ міндетін атқарушы.

Айта кетейік, өткен жылы "Бизнестіӊ жол картасы 2020" бағдарламасын іске асыру үшін республикалық бюджеттен 1,6 млрд. теӊге бөлінді. Жалпы бағдарлама шеӊберінде 2016 жылы жалпы несие қоржыны 29,1 млрд. теӊгені құрайтын 401 жоба субсидияланды, сондай-ақ шағын және орта бизнестіӊ 48 субъектісі жалпы құны 850 млн. теӊгеге кепілдік ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны