24.02.2017, 18:20 4767

Қызылорда облысында электр энергиясын өндіру көлемін арттыру қажет - ҚР Энергетика вице-министрі

Сондай-ақ, оныӊ айтуынша, бүгінде Қызылорда облысы электр энергиясыныӊ жартысын ғана өндіріп, қалғанын сырттан алады. Сондықтан да аймақта электр энергиясын өндіру көлемін арттыру керек.

Қызылорда. 24 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан қалпына келетін электр энергиясын өндіруді 2050 жылға дейін 50 пайызға дейін арттырмақ. Бұл туралы бүгін Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.

"Аталған жоба облыс аумағында "Қазатомпром" кен орнында іске асырылып жатыр. Сонымен қатар облыстыӊ басқа да аудандарында осыған ұқсас жобаларды дамытуды жоспарлап отырмыз. Қазақстанда жаӊартылған энергия көздерін өндіру кезеӊ кезеӊімен яғни 2020 жылға 3 пайызға, 2025 жылы - 5 пайыз, 2030 жылы - 10, 2050 жылы 50 пайызға дейін арттыру жоспарланып жатыр", - дейді министрлік өкілі.

Сондай-ақ, оныӊ айтуынша, бүгінде Қызылорда облысы электр энергиясыныӊ жартысын ғана өндіріп, қалғанын сырттан алады. Сондықтан да аймақта электр энергиясын өндіру көлемін арттыру керек.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны