09.08.2018, 20:08 4987

Қызылорда облысында ет өндірісініӊ зәкірлі кооператив қатысушыларына арналған "Іскерлік ойын" форматындағы оқыту семинары өткізілді

Қызылорда облысында ауыл шаруашылығын тиімді дамыту үшін Министрлік кезекті ет өндірісініӊ зәкірлі кооператив қатысушыларына арналған "Іскерлік ойын" форматындағы оқыту семинарын өткізді

Қызылорда. 9 тамыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында ауыл шаруашылығын тиімді дамыту үшін Министрлік кезекті ет өндірісініӊ зәкірлі кооператив қатысушыларына арналған "Іскерлік ойын" форматындағы оқыту семинарын өткізді, оған бордақылау алаӊдарыныӊ басшылары, серіктес фермерлер, облыстық және аудандық әкімдіктердіӊ және қаржы институттары филиалдарыныӊ өкілдері қатысты.

Іскерлік ойын 5 команданыӊ қатысуымен нақты өндірістік жағдайларды имитациялау негізінде өткізілді. Оӊтайландырылған жұмыс әдісініӊ моделін жасау нақты қатысушылардыӊ әрқайсысына белгілі бір ережелердіӊ шеӊберінде рөл атқаруға, шешімдер қабылдауға және қойылған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік берді. Бір ойынныӊ шеӊберінде қатысушылар оӊтайлы шешім табу жолдарын іс жүзінде меӊгеруге және қолдануға үйрену үшін бірнеше басқару тетіктері мен құралдарын енгізе алды. Илеуметтік желіде тікелей эфир арқылы ұнаған командаға дауыс беру мүмкіндігі болды. Бұл өз кезегінде, нәтижелерді қорытындылау және жеӊімпазды анықтау кезінде ескерілді.

Іс-шараныӊ негізгі мақсаты агроөнеркәсіптік кешенде өндірістік тиімділікті арттыруға және тәуекелдерді азайтуға арналған жобаларды басқару элементтеріне бағытталды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін жобалауды басқару нәтижеге бағдарланған басқару жүйесін қалыптастыруды қамтиды және ауыл шаруашылығы өндірушісі мен мемлекеттік орган арасындағы тиімді жұмыс байланыстарын ұйымдастырудан басталады.

Іс-шараныӊ міндеті агробизнесті заманауи бизнес-процестерге тарту және ашық бизнес-ортаны құру болды. Осындай іс-шараларды өткізу ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердіӊ әрқайсысына өздерініӊ құзыреттілігі мен білім деӊгейін айтарлықтай арттыруға, соныӊ ішінде жобалық басқару түсінігін кеӊінен пайдалануға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығыныӊ Бірінші вице-министрі А. Евниев атап өткендей, іскерлік ойынныӊ форматы - кәсіпкерлер мен барлық деӊгейдегі лауазымды тұлғалар арасындағы қатынастардағы стереотиптер мен кедергілерді бұзудыӊ еӊ жақсы құралы болып табылады.

Аталған шараны өткізу мақсаттарыныӊ бірі қатысушылардыӊ (мемлекеттік органдар, бизнес, қаржы институттары) бір-бірімен өзара түсінікті және қол жетімді коммуникациялық қарым-қатынастыӊ тиімділігін көрсету болып табылады.Жобалық басқарудыӊ осындай элементтерін енгізу бірлескен табыстыӊ негізі. Саланы дамытуға жаӊа көзқарасты талап ететін, Елбасы Жолдауында көрсетілген агроөнеркәсіптік кешен алдында еӊбек өнімділігін түбегейлі ұлғайту және қайта өӊделген ауыл шаруашылығы өнімі экспортыныӊ өсімін кемінде 2,5 есеге арттыру міндетін орындау болып табылады.

ҚР АШМ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны