11.08.2017, 16:10 6508

Қызылорда облысында индустрияландыру бағдарламасы аясында жалпы құны 610 млрд. теӊгені құрайтын 24 жоба жүзеге асырылуда

Қызылорда облысында индустрияландыру бағдарламасы аясында жалпы құны 610 млрд. теӊгені құрайтын 24 жоба жүзеге асырылуда. Аталған жобалар іске қосылғанда 6200 адамды жұмыспен қамтылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысы индустриялық-инновациялық даму басқармасыныӊ басшысы Р.Сұлтангереев баяндады.

Қызылорда. 11 тамыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында индустрияландыру бағдарламасы аясында жалпы құны 610 млрд. теӊгені құрайтын 24 жоба жүзеге асырылуда. Аталған жобалар іске қосылғанда 6200 адамды жұмыспен қамтылады.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысы индустриялық-инновациялық даму басқармасыныӊ басшысы Р.Сұлтангереев баяндады.

"Биылғы жылы индустрияландыру бағдарламасы аясында өнімі экспортқа бағытталған 2 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Олар: молибден үш тотығын өндіретін кәсіпорын және шыны зауыты. Қазір молибден зауытында технологиялық құралдардыӊ бірінші желісінде сынама жұмыстары жүргізілуде. Өнімніӊ негізгі көлемін жапонияға экспорттау жоспарлануда. Сонымен қатар, өздеріӊізге белгілі шыны зауыты бойынша бірқатар қиындықтар болды. Дегенмен, 2017 жылғы 15 мамырда Мемлекет басшыларыныӊ Пекин қаласында "Бір белдеу, бір жол" халықаралық форумындағы кездесуі аясында қытайлық "Чайна Триумф" компаниясы мен "Orda Glass" ЖШС шыны зауытыныӊ құрылысын үстіміздегі жылдыӊ желтоқсанында аяқтау жөнінде меморандумға қол қойылды" - деді Р. Сұлтангереев.

Айта кетерлігі, бүгінгі күні шыны зауыты құрылыс алаӊына әлемніӊ жетекші елдері АҚШ, Италия, Финляндия мен ҚХР-нан құрал-жабдықтар 100 пайыз толық жеткізілген. Қазіргі таӊда металл конструкцияларды құрастыру жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қызылорда облысында өӊдеу өнеркәсібіне салынған инвестиция көлемі 2017 жылдыӊ жартысында 70 млрд.теӊгені құрады.

Бұл туралы Қызылорда облысыныӊ индустриялық-инновациялық даму басқармасыныӊ басшысы Ринат Сұлтангереев

Астанада "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Қызылорда облысыныӊ мәдениет күндері өтетініне байланысты брифингте мәлім етті.

Мемлекет Басшысыныӊ Жолдауынан туындайтын міндеттердіӊ бірі - "Басым салаларда бәсекеге қабілетті экспорттық өндірісті дамыту үшін индустрияландыруды жалғастыру" болып табылады.

Осы ретте, бұл бағыттағы жұмыстар облыс көлемінде индустрияландыру бағдарламасыныӊ екінші бесжылдығы аясында атқарылуда.

Бағдарлама аясында құны 610 млрд.теӊгені құрайтын, іске қосылғанда 6,2 мыӊ адамды жұмыспен қамтитын 24 жоба жүзеге асырылуда.

Жалпы алғанда, бағдарламаныӊ бірінші бесжылдығы аясында 17 жоба іске қосылған болса, екінші бесжылдық аясында іске асырылатын 24 жобадан бүгінгі күні 3 жоба іске қосылды.

Биылғы жылдыӊ 6 айында барлық іске қосылған жобалар арқылы 8,7 млрд.теӊгеніӊ өнімі өндіріліп, өӊдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемініӊ 11% құрады.

Атап өту қажет, индустриялық жобалар бұрын 8 елге өнімдерін экспортқа шығарса, 2017 жылдан бастап 10 елге өнімдерін экспортқа шығара бастады (Ресей, Қырғызстан, Дания, Тәжікстан, Ауғанстан, Қытай, Ұлыбритания, Польша, АҚШ, Тайвань).

Бір ғана мысал, бағдарлама аясында 2 бірдей испандық цехты іске қосқан "Аралтұз" АҚ 2016 жылышет елдерге 60% өнімін экспорттады.Тек соӊғы 2 жылда Ресей нарығында ас тұзы бойынша 12% үлесті иеленді.

2017 жылдыӊ 6 айында экспорт көлемі былтырғы жылдыӊ ұқсас кезеӊімен салыстырғанда 56% артты.

Биылғы жылы бағдарлама аясында өнімі экспортқа бағытталған 2 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Олар: Молибден үш тотығын өндіретін кәсіпорын және шыны зауыты.

Қазір молибден зауытында технологиялық құралдардыӊ бірінші желісінде сынама жұмыстары жүргізілуде. Өнімніӊ негізгі көлемін жапонияға экспорттау жоспарлануда. Сонымен қатар, құралдардыӊ екінші желісін сатып алуға қосымша қаржы көздерін тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

("Тримо"ЖШС, құны - 871,5 млн.теӊге, қуаты - 500 тонна молибден өндіру, жұмыс орны - 58 адам)

Екінші жарты жылдықта бағдарлама аясында 2 жобаныӊ құрылысын бастау жоспарланған болатын.

Соныӊ бірі - Қуаты жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасы құрылысы шілде айында басталды. Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде жобаға инженерлік инфрақұрылым жеткізу үшін жоба-сметалық құжат бюджет қаражаты есебінен әзірленуде. Зауытты 2018 жылы іске қосу жоспарланып отыр.

Құрылысы басталатын екінші ірі жобамыз - "Шалқия" кенішін игеру жобасы.

Атап өту қажет, бұл жоба - тау кен саласын дамытудыӊ Жол картасына енген 3 "зәкірлі жобаныӊ" бірі.

Өздеріӊізге мәлім, Шалқия кеніші мырыш пен қорғасын қоры бойынша дүние жүзіндегі ірі кеніштердіӊ бірі.

Жобаныӊ қаржыландыру мәселесі Еуропа қайта құру және даму банкімен шешілген. Аталған банк пен жоба етекшісі арасында құны 350 млн. АҚШ долларын құрайтын тиісті келісімге қол қойылған.

Кен байыту фабрикасын бір мезгілде жобалауды және салуды жүзеге асыратын бас мердігерді таӊдау жұмыстары жүргізілуде.

Бірінші кезеӊде комбинат 2 млн тонна руда өӊдесе, екінші кезеӊде 4 млн тонна руда өӊдейтін болады.

(құны - 165 млрд.теӊге, жұмыс орны - 1540 адам)

Металлургия саласындағы зәкірлі жобаныӊ бірі - бұл "Баласауыскандық ванадий" кенішін игеру жобасы.

Жоба бойынша қазір тәжірибелік өндіріс іске қосылып, қазақстандық метаванад өнімі шетелдерге жолдануда. Мысалы ү.ж. 6 айында "Фирма балауса" ЖШС-гі Тайваньға құны 350 мыӊ АҚШ. долл. құрайтын 80 тонна метаванадат аммонийді экспорттады.

2016 жылы Лондон қаласында өткен Үкімет аралық комиссия аясында қол қойылған екі жақты келісімге сәйкес, ү.ж. соӊына дейін ағылшын инвесторы - 4,8 млрд. теӊге көлемінде жобаға инвестиция салуды жоспарлаған. Бірінші транш 1,5 млрд. теӊге көлемінде осы тамыз айында аударылатын болады.

Атап өту қажет, кен байыту комбинатын қаржыландыру үшін бүгінгі күні қазақстандық қор биржасында компанияныӊ 30 мыӊ акциялары орналастырылды. Жобаны іске асыратын бірлескен кәсіпорын да құрылып, инвестициялық артықшылықтар алу мәселесі қарастырылуда (кедендік баждарды салудан босату, салық бойынша преференциялар, мемлекеттік заттай гранттар).

Индустрияландыру бағдарламасымен қатар Қазақстан-Қытай бірлескен жобалар қатарында облыс бойынша2 жоба іске асырылуда.

Соныӊ бірі - қуаты жылы 1 млн. тонна болатын тампонажды цемент шығаратын облысымыздағы алғашқы зауыт жобасы.

Зауытты орналастыру үшін мемлекеттік қолдау шарасы ретінде 50 га жер телімі берілді. Қытай тарапымен бірлесіпбіріккен кәсіпорыны құрылды. Нәтижесінде Қытай инвесторлары зауыт құрылысын жалғастыру үшін есепті кезеӊде 7,5 млн.АҚШ. долл. көлемінде бірінші транштық қаржы аударды. Құрылыс басында фундаментті нығайтатын 500 жуық қада қағылды. Құрылыс жұмыстарын жоғары деӊгейде ұйымдастыру үшін шетелдік жұмыс күшін тарту жұмыстары жүргізілуде.

(қуаты - жылына 1 млн. тонна тампонажды цемент, құны - 64 млрд.теӊге, жұмыс орны - 260).

Ауыл шаруашылығы саласындағы тағы бір игі бастаманыӊ бірі COFCO Қытай компаниясымен бірлесіп қызанақ өсіру зауытын салу. 2016 жылы тәжірибе ретінде 2 га жерге 12 түрлі томат сорттары егіліп, өнім жинақталды. Жоба бойынша биылғы жылы су тарту үшін қосымша жер учаскесін алу және Сырдария өзенінен суды қолдану үшін арнайы рұқсат алу үшін құжаттар дайындалуда. 2019 жылы зауыт құрылысы басталатын болады.

(құны - 8,8 млрд. тенге, қуаты - 24 мыӊ тонна жылына, жұмыс орны - 154 чел; іске асыру мерзімі - 2016-2019 жж. ).

Сонымен қатар, импорт алмастыратын ірі жобаныӊ бірі - кальцийленген сода шығару зауыты жобасы. Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде 100 га жер телімі берілген.

Жобаныӊ қуаты 200 мыӊ тоннадан 300 мыӊ тоннаға ұлғаюына орай тиісті құжаттарға түзетулер енгізілуде. Шілде айында қытайлық инвестор-әріптес компаниямен бірлескен кәсіпорын құрылды.

Қытай тарапыныӊ бұл жобаға қатысу мәселесі жоғары деӊгейде пысықталғандықтан оны Қазақстан-Қытай бірлескен жобалар тізіміне қосу ұсынылды.

Жобаныӊ қаржыландыру мәселесі Қазақстан даму банкімен қаралуда. Жобаға қажетті инфрақұрылым жеткізу мәселесі "Бизнестіӊ жол картасы-2020" бағдарламасы аясында қаралуда.

Ішкі нарық қазір 100% содамен сырттан қамтылып отырғанын ескерсек, зауыт іске қосылғанда еліміздіӊ қажеттілігініӊ 75 пайызын қамтамасыз ететін болады.

(құны - 87,5 млрд. теӊге, жұмыс орны - 700 адам)

Жаӊа өндірістерді ашуға оӊ ықпал жасау, тиімді орналастыру мақсатында облыстыӊ барлық 7 ауданы мен Қызылорда қаласында индустриялық аймақ құру үшін жер телімі бөлінген.

Қазір 6 индустриялық аймақ жұмыс жасауда. Индустриялық аймақ жұмысын тиімді ету үшін басқарушы компания да құрылғанын атап өтеміз. Жыл соӊына дейін осы аймақтарда барлығы 10 кәсіпорын іске қосылады.

Мемлекет басшысы атап өткендей индустрияландыру бағдарламасы инвестиция тарту үшін "магнит" болуы тиіс. Сондықтан облысқа отандық және шетелдік инвесторларды тарту үшін жыл сайын "Байқоӊыр инвест"инвестициялық форумы өткізіліп келуде. Бұған дейін өткізілген форумдар аясында облысқа 100 млрд теӊгеніӊ үстінде инвестиция тартылды.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде соӊғы 3 жылда өӊдеу өнеркәсібі тұрақты өсімді көрсетіп отыр.

Өӊдеу секторындағы өндіріс көлемі жыл басынан 5,7%-ға өсіп, өткен соӊғы 3 жылмен салыстырғанда, яғни 2015 жылдыӊ 6 айымен 31,2%-ға артты. (Өӊдеу өнеркәсібі 2017 ж.6 айында - 49,6 млрд.теӊге).

Жалпы өнеркәсіптегі үлесі - 13,9% жетіп, шикізаттық емес сектордыӊ жалпы ішкі өнім құрылымындағы үлесі 4 жылда 3 есе өсті.

Инвестиция көлемі ү.ж. 6 айда 15,1 пайызға өсіп, 70 млрд.теӊгені құрады.

Бұл көрсеткіштер облыс экономикасында әртараптандыру бағыты қарқынды деӊгейде жүргізілуде екенін көрсетіп отыр.

Алдағы уақытта облыс көлеміндегі жұмыстар Мемлекет басшысыныӊ Жолдауынан туындайтын міндеттер шеӊберінде өз жалғасын табатын болады,- деді өз сөзінде басқарма басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны