17.05.2017, 14:37 4268

Қызылорда облысында кальций қосылған сода өндіретін Қазақстандағы тұӊғыш зауыт салынады

"Қызылорда облысында жылдық қуаттылығы 300 мыӊ тонна болатын кальций қосылған сода өндіру зауытыныӊ құрылысы" инвестициялық жобасын жүзеге асыру мақсатында жарғылық капиталы 17,5 млрд теӊгеден асатын қазақстан-қытай бірлескен кәсіпорнын құру туралы келісімге қол қойды,-деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Қызылорда. 17 мамыр. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ 27 сәуірінде "Аралтұз" АҚ (директорлар кеӊесініӊ төрағасы Мұқашев Д.Р) және қытайлық "QinghaiDeshengSodaAshIndustrialCo. Ltd" компаниясы Кальций қосылған сода өндірушілері қауымдастығыныӊ төрағасы (ҚХР) Динг Чаоран мырзаныӊ төрағалығымен "Қызылорда облысында жылдық қуаттылығы 300 мыӊ тонна болатын кальций қосылған сода өндіру зауытыныӊ құрылысы" инвестициялық жобасын жүзеге асыру мақсатында жарғылық капиталы 17,5 млрд теӊгеден асатын қазақстан-қытай бірлескен кәсіпорнын құру туралы келісімге қол қойды,-деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Жобадағы жалпы инвестиция көлемі 87,5 млрд теӊгеден асады.

Кальций қосылған сода органикалық емес синтездегі маӊызды өнімдердіӊ бірі, натрий хлоридін (ас тұзы) және кальций карбонатын (әктас) алуда негізгі шикізат ретінде саналады. Кальций қосылған соданыӊ ірі тұтынушылары шыны, химия, металлургия және өнеркәсіптіӊ басқа да салалары болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасыныӊ кальций қосылған содаға сұранысы жылына 400 мыӊ тоннаны құрайды және ел аумағында өзіндік өндіріс болмағандықтан Ресей Федерациясынан келетін импорт есебінен толықтырылып отыр.

Қазақстанда кальций қосылған сода өндіретін тұӊғыш зауыттыӊ құрылысын салудағы мақсат - Қазақстан Республикасыныӊ ішкі нарығын әлемдік озық технологияларды пайдалану арқылы жергілікті жерде өндірілген, экология және өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарына сай келетін жоғары сапалы өнімдермен қамтамасыз ету арқылы импортқа тәуелділікті азайту.

Сода зауытыныӊ құрылысы 700 ден астам жұмыс орнын ашуға, жергілікті бюджетке салық түсімдерін көбейтуге, тек Арал аймағы ғана емес тұтас еліміздіӊ әлеуметтік-экономикалық дамуына оӊ серпін береді.

Аталған жоба экономиканыӊ басым секторларыныӊ тізіміне кіреді және "Казақстанныӊ индустрияландыру картасы", "Бизнестіӊ жол картасы 2020" бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік береді, сондай-ақ Қазақстан Республикасыныӊ 2015-2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларыныӊ барлық талаптарына сәйкес келеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны