20.06.2017, 22:42 8481

Қызылорда облысында кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы аймақтық кеӊестіӊ отырысы өтті

"Қазіргі таӊда бөлінген қаржы толығымен игеріліп, жалпы көлемі - 761,1 млн теӊге қаржыға 123 шағын бизнес субъектісі несиеге қол жеткізді. "Микробизнес Кызылорда" пилоттық жобасы шеӊберінде 400-ден аса жаӊа жұмыс орындары ашылды" деді кеӊес мүшесі Ілия Қожахметов өз сөзінде.

Қызылорда. 20 маусым. Kazakhstan Today - "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы жанындағы кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы аймақтық кеӊестіӊ отырысы өтті.

Отырыста кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мен аймақта шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлер құқтарыныӊ қорғалуы секілді мәселелер жан- жақты талқыланды.

Кеӊес отырысына қатысқан партияныӊ облыстық филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев кәсіпкерлікті дамыту елдіӊ әлеуметтік жағдайыныӊ жақсаруына ықпал ететінін айтып өтті.

Кеӊес мүшесі, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорыныӊ орынбасары Ілияс Қожахметов 2016 жыл мен 2017 жылдыӊ бірінші тоқсанында Қызылорда облысыныӊ кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлер тарапынан 330 өтініш түсіп, оныӊ 125-і оӊ шешімін тапқанын тілге тиек етті.

"Келіп түскен өтініштердіӊ басым бөлігін - жер қатынастары мәселелері құрайды. Мемлекеттік сатып алу бойынша 31 пайыз, салық салу мәселелері 23 пайызды құрады. Оныӊ ішінде алкогольдік өнімдерді сату үшін лицензиялық алым мен жалған кәсіпкерлік те бар. Жүйелі жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 13 лауазымды қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.200-ге жуық кәсіпкердіӊ құқығы қорғалып, 250 млн.теӊгеден астам қаржылары өздеріне қайтарылды",- деді Ілияс Қожахметов.

Өӊірде ауыл кәсіпкерлігін шағын несиемен қамтамасыз ету мақсатында "Микробизнес Қызылорда" пилоттық жобасы жүзеге асырылып келеді. 2015 жылы жобаға облыстық бюджеттен 360 млн. теӊге қаржы қарастырылған. Сондай-ақ "Қызылорда" Өӊірлік инвестициялық орталығы" ЖШС арқылы шағын несиелендіру үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен 300 млн. теӊге қайтарымды қаржы бөлу келісім-шарты жасалып, шағын несиелендіруді дамыту пилоттық жобасын жүзеге асыруға барлығы 660 млн. теӊге бөлінген.

"Қазіргі таӊда бөлінген қаржы толығымен игеріліп, жалпы көлемі - 761,1 млн теӊге қаржыға 123 шағын бизнес субъектісі несиеге қол жеткізді. "Микробизнес Кызылорда" пилоттық жобасы шеӊберінде 400-ден аса жаӊа жұмыс орындары ашылды" деді кеӊес мүшесі Ілия Қожахметов өз сөзінде.

Сондай-ақ кеӊес отырысында ауылшаруашылығы кооперативтерін құру мәселесі де сөз болды. Белгілі болғандай бүгінгі күні облыс бойынша 133 кооперативтер құрылған. Оныӊ 34-і мал шаруашылығы, 34-і егін шаруашылығымен айналысса қалған 65-і көпсалалы бағытқа негізделіп отыр. Құрылған кооперативтер бойынша 1880 шаруашылық біріктірілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны