23.05.2017, 14:52 4648

Қызылорда облысында ҰҚП іскер әйелдердіӊ стартап жобаларын қолдайды

Шарада өӊірде кеӊес атқарған жұмыстар туралы есеп берген іскер әйелдер кеӊесініӊ төрайымы Жанна Аманова бүгінгі таӊда кәсіпкерлікпен айналысуға деген қыз-келіншектердіӊ ынтасы жоғары екендігін жеткізді.

Қызылорда. 23 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген "Атамекен" ҰКП Төралқа төрағасы хатшылығыныӊ меӊгерушісі, "Атамекен" ҰКП жанындағы Іскер әйелдер кеӊесініӊ төрайымы Ләззат Рамазанова Сыр өӊіріндегі Іскер әйелдер кеӊесініӊ мүшелерімен кездесті.

Кездесу барысында Ләззат Рамазанова елдегі және әлемдегі экономикалық өзгерістер жаға мүмкіндіктер ашып отырғандығын айта келіп, бүгінде өз ісін бастаушы кәсіпкер әйелдерді қызықтыруы мүмкін жобалар толқынын қалыптастыру қажеттігін жеткізді.

"Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкер қыз-келіншектердіӊ елдегі стартап жобаларын қолдауға дайын. Жалпы кәсіпкерлікті дамыту, оны кеӊейту мемлекеттегі басым бағыттардыӊ бірі. Соӊғы уақытта баршамыз көріп отырмыз, мұнайға қатысты, өзге де үлкен бизнестердіӊ әрі қарай дамуына қатысты мәселелер бар. Сол үшін қарапайым ауылдағы, аудандардағы, өӊірлердегі қыз-келіншектердіӊ кәсіпкерлікке деген қызығушылығын ояту біздіӊ басты мақсатымыздыӊ бірі", - деді Ләззат Рамазанова.

Шарада өӊірде кеӊес атқарған жұмыстар туралы есеп берген іскер әйелдер кеӊесініӊ төрайымы Жанна Аманова бүгінгі таӊда кәсіпкерлікпен айналысуға деген қыз-келіншектердіӊ ынтасы жоғары екендігін жеткізді.

"Өӊірдегі кеӊес жұмысы қыз-келіншектердіӊ кәсіпкерлік саласындағы біліктілігін көтеруге бағытталып отыр. Бұл ретте "Қыз-келіншектер бизнесі" атты оқыту жобасы өӊірдегі нәзік жандылар арасында кеӊ қолдауға ие болды. Осы ретте, қыз-келіншектердіӊ сұранысын ескере келе облыстағы Іскер әйелдер кеӊесі аталмыш жобаныӊ екінші кезеӊін бастап кетті. Одан өзге "Тренерлер мектебі" жобасын бастап жатырмыз. Сондай-ақ балабақша, оқу орталығы сынды жобаларды ашу бойынша онлайн оқыту жобаларын жүргізудеміз. Қосымша аймақтағы қоғамдық бірлестіктермен де бірлескен жобаларды жүзеге асырғымыз келіп отыр", - дейді өӊірлік кеӊес төрайымы Жанна Аманова.

Айта кету керек, Кәсіпкерлер палатасынан қызмет түрлерін алатын қыз-келіншектер саны да артып келеді. Мәселен, 2016 жылдыӊ өзінде Палатадан сервистік қызмет алған 1496 азаматтыӊ 690-ы әйелдер болса, "Бизнес кеӊесші" жобасы аясында біліктілігін жетілдірген 1006 қатысушыныӊ ішінде қыз-келіншектер саны 429,- деп хабарлайды Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны