28.02.2017, 15:13 8454

Қызылорда облысында ванадий металын автоклавты тәсілмен өндіретін зауыт құрылысы жалғасуда

Нәтижесінде инвестор 125 млн АҚШ доллары көлемінде қаржыландыру туралы шешім қабылдап отыр. Бүгінде кәсіпорын құрылысында 150 адам жұмыс істейді. Ал, зауыт толық пайдалануға берілген кезде 650 адам жұмыспен қамтылмақ.

Қызылорда. 1 наурыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында металлургия саласына озық қадамдар жасалынды. Оныӊ Шиелі ауданынан бастау алғандығы да белгілі. Бұрындары да сөз етіліп жүрген жобалық құны 1 млрд теӊге көлеміндегі ванадий металын автоклавты тәсіл бойынша өндіруді қолға алатын зауытты іске қосатын "Фирма Балауса" ЖШС-ныӊ бастамасы облыс әкімі тарапынан қолдау тапты. Өткен жылдыӊ қараша айында Қызылорда облысы әкімі Қ.Көшербаев Лондонда өткен Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясыныӊ отырысында "Баласауысқандық" кен орнындағы "Қара тақтатасты автоклавты қайта өӊдеу" инвестициялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі келісімге қол қойды.

Нәтижесінде инвестор 125 млн АҚШ доллары көлемінде қаржыландыру туралы шешім қабылдап отыр. Бүгінде кәсіпорын құрылысында 150 адам жұмыс істейді. Ал, зауыт толық пайдалануға берілген кезде 650 адам жұмыспен қамтылмақ. Қазіргі таӊда Қазақстандық аммоний метаванадаты, феррованадийдіӊ алғашқы тоннасы алынып, АҚШ, Тайвань және Ресейге жіберілді.

Аталған өндіріс орны өте сирек кездесетін металл ванадий өндірумен шұғылданады. Ванадий - автокөлік, әскери техникаларды жасап шығару барысында темірге қосылып, оныӊ беріктігін арттыратын металл. Оны әлгіндей қасиеті үшін броньды транспортер, бронежилет жасауға да пайдаланады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны