18.05.2017, 14:46 4296

Қызылорда облысында жалпы құны 406 895 707 теӊге болатын 10 жоба қолдауға ие болды

"Бизнестіӊ жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудыӊ бірыӊғай бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлік субъектілері рәсімдеген несиелерініӊ үстеме пайызы10% дейін төмендетіледі.

Қызылорда. 17 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында Аймақтық Үйлестіру Кеӊесініӊ шешімімен жалпы құны 406 895 707 теӊге болатын 10 жоба қолдауға ие болды. "Бизнестіӊ жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудыӊ бірыӊғай бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлік субъектілері рәсімдеген несиелерініӊ үстеме пайызы10% дейін төмендетіледі. Жобалардыӊ сәтті жүзеге асуы нәтижесінде 60-тан аса жаӊа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.

Жеке кәсіпкер Бауыржан Қосбармақов қолдауға ие болған жобалардыӊ бірініӊ негізін қалаған. Бүгінде кәсіпкердіӊ басқаруында жеке автосервисі мен көліктіӊ қосалқы бөлшектерін сату орталығы жұмыс жасауда. Несие қаражатыныӊ көмегімен ол бизнесте жаӊа бағытты қолға алып, қалааралық жүк тасымалы қызметімен айналысуды жоспарлауда. "ForteBank" АҚ және "Даму" Қоры жеке кәсіпкердіӊ жобасын қолдап, оған кепілдендіру мен 30 млн.теӊге көлемде несие берді. "Бизнестіӊ жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудыӊ бірыӊғай бағдарламасына қатысудыӊ нәтижесінде кәсіпкердіӊ несие үстемесініӊ 7% мемлекет қайтарымсыз негізде субсидиялайтын болса, 14% үстеменіӊ қалған7% бизнесмен өзі төлейді.

АҮК тарапынан сондай-ақ, "Нақыпбек Самат" ЖК компаниясыныӊ да жобасы мемлекеттік қолдауға мақұлданды. Мерекелік киімдер мен костюмдерді сату және жалға беру бағытында өз ісін бастаған жас кәсіпкер нарықты зерттей келе салтанатты іс-шараларды қызмет көрсету кәсібін бастауға шешім қабылдайды. Жобаныӊ мақсаты ағымдағы кәсіпкерлік қызметті әртараптандыру арқылы оны тұрақтандыру және табыс көзін көбейту. Осы бағытта кәсіпкер "БанкЦентрКредит" АҚ 14% несие рәсімдеп, оныӊ 7% мемлекеттіӊ субсидиялауы түріндегі қолдауға ие болды. Кепіл мүлік жетіспеушілігі мәселесін "Даму" Қоры арқылы оӊ шешіп, жобасын қордыӊ 50% кепілдендіруіне қол жеткізді. Жоғары бәсекелестікке қарамастан, жас кәсіпкер өзініӊ жаӊа бизнес-жобасыныӊ табыстылығы мен өміршеӊдігіне нық сенімді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны