16.11.2017, 16:58 7369

Қызылорда облысында жаӊа күріш өӊдеу зауыты ашылды

IХ өӊірлік "Байқоӊыр Инвест" инвестициялық форумы аясында Қызылорда облысында жаӊа күріш өӊдеу зауыты ашылды, деп хабарлайды әкімдіктіӊ баспасөз қызметі.

Қызылорда. 16 қараша. Kazakhstan Today - IХ өӊірлік "Байқоӊыр Инвест" инвестициялық форумы аясында Қызылорда облысында жаӊа күріш өӊдеу зауыты ашылды, деп хабарлайды әкімдіктіӊ баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев зауыт ұжымына сәттілік тілеп, Социалистік еӊбек ері Амангелді Ахметов күрішшілерге жылы лебізін жеткізді.

"Абай Даулет" ЖШС Қызылордада күріш өӊдейтін зауыт салды.

Қазіргі таӊда кәсіпорында 80 адам жұмыс жасайды. Алдағы уақытта жұмысшылардыӊ санын 100-ге дейін жеткізу жоспарлануда.

"Абай Даулет" ЖШС басшысы Даулет Сарсенбаевтыӊ айтуынша, зауытта сағатына 7 тонна астық қайта өӊделеді. Кәсіпорында қалдықсыз өндіріс қолданылады.

Соӊғы жылдары облыс күрішшілері мол өнім алуда. Үстіміздегі жылы аймақ тарихында бұрын-соӊды болмаған 500 мыӊ тоннадан астам күріш жиналды.

Сонымен қатар, биыл облыста ирандық күріштіӊ "Торем Хошеми" сорты егілді. Форум аясында Қызылорда күрішініӊ сортын Иран Ислам Республикасына жеткізу туралы меморандумға қол қойылды.

Қазіргі таӊда қызылордалық күріш өсірушілер өз өнімдерін әлемдік нарыққа шығаруға жұмыс істеуде.

"Абай Даулет" ЖШС бұған қоса қой өсіру, ара шаруашылығымен, алма бауын баптаумен айналысады. Сонымен қатар, кірпіш зауыты бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны