18.09.2018, 22:27 4716

Қызылорда облысында жыл соӊына қарай цемент зауыты іске қосылады

Қазір құрылыс алаӊында 662 адам жұмыс істеуде, жалпы құрылыс жұмыстарыныӊ 90%-ы аяқталған. Өндіріс орны 2018 жылдыӊ желтоқсанында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Қызылорда. 18 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында жыл соӊына қарай цемент зауыты іске қосылады.

Қазір құрылыс алаӊында 662 адам жұмыс істеуде, жалпы құрылыс жұмыстарыныӊ 90%-ы аяқталған. Өндіріс орны 2018 жылдыӊ желтоқсанында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Облыс әкімі Қ.Көшербаев Шиелі ауданына жұмыс сапары барысында зауыттыӊ құрылыс жұмыстарымен танысып, Қытай Халық Республикасынан білім алып келген 17 жас маманмен кездесті.

Қазіргі таӊда цемент өндіретін зауыттыӊ құрылыс-монтаж жұмыстары 90 пайызға аяқталған, ал өндіріс орныныӊ болашақ қызметкерлері Қытайда білім алуда.

Естеріӊізге салайық, жергілікті тұрғындарды жұмысқа тарту үшін "Гежуба Шиелі Цемент" компаниясы Шиелі ауданындағы индустриалды колледждіӊ түлектерін 46 адамды білім алуға әрі зауытта жұмыс істеуге даярлықтан өтуге жіберген болатын. Аймақ басшысы оқуын тәмамдап келген алғашқы 17 түлекпен кездесті. Қазіргі таӊда екінші топпен оқитын 80 студент іріктеліп алынды.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеӊберінде зауытқа электр желісімен жабдықтау және темір жол салу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, облыстық бюджеттен өнеркәсіптік аймаққа газ құбырын салу үшін қаражат бөлінді.

Естеріӊізге салайық, Шиелідегі цемент өндіретін зауыттыӊ жобалық қуаты жылына 1 млн. тоннаны құрайды. Жоба аясында 50 гектар жер телімі бөлінді, оныӊ 46 гектары нақты зауыт құрылысы үшін, ал төрт гектарында қызметкерлерге арналған әлеуметтік нысандардыӊ құрылысы жүргізілуде.

Кәсіпорын өнімдері Еуразиялық экономикалық одақ, ТМД және ҚХР елдеріне жеткізілетін болады. Жобаны іске асыру үшін "DANAKE Корпорациясы" ЖШС және қытайлық компания "Gezhouba Group Cement Co. Ltd" аясында "Компания Гежуба Шиелі Цемент" ЖШС бірлескен кәсіпорны құрылды.

Зауыт толық іске қосылған кезде өнеркәсіпте 220 тұрақты жұмыс орны құрылады.

Мемлекет басшысы өзініӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласында былай деген:

"Қазіргі таӊда жеке адам ғана емес, тұтас халықтыӊ өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.

Бәсекелік қабілет дегеніміз - ұлттыӊ аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еӊбек ресурстары болуы мүмкін.

Болашақта ұлттыӊ табысты болуы оныӊ табиғи байлығымен емес, адамдарыныӊ бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны