25.05.2017, 15:24 5427

Қызылорда облысында жылдық қуаттылығы 11 мыӊ тонна болатын 8 балық өӊдеу зауыты жұмыс жасауда

Өткен жылы облыс бойынша балық аулау лимиті 7883 тонна болып белгіленсе, соныӊ 90% тоннасы Кіші Арал теӊізініӊ үлесінде. Осыныӊ нәтижесінде өткен жылы 7200 тонна балық ауланып, балық өнімдерініӊ экспорты соӊғы төрт жылда 3 есеге артқан.

Қызылорда. 25 мамыр. Kazakhstan Today - Өткен жылы облыс бойынша балық аулау лимиті 7883 тонна болып белгіленсе, соныӊ 90% тоннасы Кіші Арал теӊізініӊ үлесінде. Осыныӊ нәтижесінде өткен жылы 7200 тонна балық ауланып, балық өнімдерініӊ экспорты соӊғы төрт жылда 3 есеге артқан.

Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев "Қазақстан-Қызылорда" телеарнасыныӊ тікелей эфирінде өткен "Икім сағаты" бағдарламасында айтты

2016 жылы облыс кәсіпкерлері ресейлік әріптестерімен бірлесіп, Ресейдіӊ Ульяновск облысыныӊ Дмитровград қаласында балық өӊдеу зауытын ашып, арал балығын өӊдеуде. Сонымен қатар, аймағымызда жылдық қуаттылығы 11 мыӊ тонна болатын 8 балық өӊдеу зауыты жұмыс жасауда. Осыныӊ нәтижесінде соӊғы төрт жылда балық өнімдерініӊ экспорты 5 есеге артты. Атап айтқанда, 2015 жылы 1735 тонна балық өнімдері экспортталса, өткен жылы бұл көрсеткіш 3604 тоннаға жеткен.

Айта кетерлігі, Елбасыныӊ бастамасымен қолға алынған "Сырдария өзенініӊ арнасын реттеу және Арал теӊізініӊ солтүстік бөлігін сақтау" жобасыныӊ бірінші бөлігініӊ жүзеге асырылуы нәтижесінде Арал өӊірініӊ балық шаруашылығыныӊ дамуына үлкен мүмкіндіктер жасалған. Осыныӊ арқасында бүгінгі күні балықтыӊ 24 түрі қайта келіп, балық аулау көлемі 400 тоннадан 8000 тоннаға дейін ұлғайған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны