26.05.2017, 16:02 5819

Қызылорда облысыныӊ "Ақбай" шаруа қожалығы дихандары тұқым себу жұмыстарын бастап кетті

Қызылорда облысыныӊ Арал ауданына қарасты Ақбай ауылы маӊында С.Ембергенов жетекшілік ететін егін, сүт және ет бағытындағы "Ақбай" шаруа қожалығы жалпы көлемі 1300 гектар жер көлеміне шемішке, жоӊышқа, жүгері тұқымдарын себуді жоспарлап отыр.

Қызылорда. 26 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгінде егіншілер үшін егін науқаны басталып кеткені белгілі. Қызылорда облысыныӊ Арал ауданына қарасты Ақбай ауылы маӊында С.Ембергенов жетекшілік ететін егін, сүт және ет бағытындағы "Ақбай" шаруа қожалығы жалпы көлемі 1300 гектар жер көлеміне шемішке, жоӊышқа, жүгері тұқымдарын себуді жоспарлап отыр.

Аудан әкімі М.Оразбаев аталмыш шаруа қожалығыныӊ жұмыс барысымен танысты. Сонымен қатар, егістік алқаптарын аралап, дән тұқымдарын себетін және жер жыртуға арналған арнайы техникалардыӊ жұмысын көрді.

Айта кетейік, егіс жұмыстарына жалпы саны 10-нан аса техника жұмылдырылуда. "Ақбай" шаруа қожалығы бүгінгі күні шемішке тұқымын себу жұмыстарын бастап кетті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны