28.02.2017, 15:10 7674

Қызылорда облысыныӊ әкімдігі мен Қазақстан-Корей орталығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Аймақ басшысы Ву ханымға ынтымақтастықтыӊ әлеуетті салалары мен инвесторларға берілетін преференциялар туралы айтып берді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Қызылорда. 1 наурыз. Kazakhstan Today - 20 ақпан күні Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев аймақ тынысымен танысу мақсатында екі күндік сапармен келген "Ынтымақтастыққа ықпал жасау жөніндегі Қазақстан-Корей орталығы" АҚ директоры Ву Джонг Хи ханыммен кездесті. Кездесу барысында ауыл шаруашылығын дамыту, Қызылорда қаласындағы жаӊа әуежайды дамыту және Сырдария өзенініӊ сол жағалауындағы құрылыс мәселелері бойынша жобалар талқыланды.

Аймақ басшысы Ву ханымға ынтымақтастықтыӊ әлеуетті салалары мен инвесторларға берілетін преференциялар туралы айтып берді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

19 ақпан күні Қазақстан-Корей орталығыныӊ өкілдері Жаӊақорған ауданыныӊ аграрлық өнеркәсібімен, өӊірлік кәсіпкерлер палатасыныӊ қызметімен және "Жан-Арай Жем" ЖШС зауытыныӊ жұмысымен танысып, аймақтағы кәріс диаспорасымен кездесті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны