16.02.2018, 16:52 7971

Қызылорда облысыныӊ әкімі халық алдында есеп берді

Аймақ экономикасындағы құрылымдық өзгерістердіӊ арқасында ағымдағы жылы өнеркәсіп өнімі көлемініӊ нақты көлем индексі бойынша 100 пайыздық деӊгейге сенімді шығатын боламыз. Сондықтан бес жылда атқарылған жұмыстар нәтижесінде мұнай және уран бағасына тәуелсіз аймақтық экономика құра алдық деп айта аламыз",- деді Қырымбек Көшербаев.

Қызылорда. 16 ақпан. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 14 ақпан күні Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаевтыӊ халық алдында есеп беру кездесуі болып өтті.

Аймақ басшысы тек 2017 жылы ғана емес, сонымен бірге, соӊғы 5 жылда атқарылған жұмыстар туралы баяндап, 2018 жылға жоспарлар туралы айтты.

Жиынға ҚР Президенті Икімшілігініӊ өкілі - Н.Тілешов, ҚР Премьер-Министрі Кеӊсесініӊ өкілі - С.Қизат, ҚР Ішкі істер министрі - Қ.Қасымов және "Нұр Отан" партиясыныӊ хатшысы - Г.Ибдірахымов, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардыӊ басшылары, аймақтағы 264 елді мекен тұрғындарыныӊ өкілдері, саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық кеӊес, сондай-ақ, еӊбек ұжымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері қатысты, сондай-ақ, бейне мәжіліс байланысы арқылы облыстыӊ барлық 7 ауданы қосылды.

Аймақ басшысы кездесудіӊ ашылуында: "Бүгін біз 2017 жылы атқарылған жұмысқа баға береміз. Бұл - меніӊ аймақтыӊ басшысы ретінде өткізіп отырған бесінші есеп беру кездесуім. Біз жыл сайын атқарылған жұмыстарды талқылаймыз. Облыс әкімініӊ жұмыс жоспарын бұқаралық ақпарат құралдары бетінде жариялаймыз. 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспарыныӊ негізгі басымдықтары мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту және халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық орнату және әлеуметтік қорғау, адами әлеуеттіӊ дамуы, бағалардыӊ алыпсатарлық жолмен өсуін болдырмау, экономиканы әртараптандыру және инфрақұрылымды дамыту мәселелері болды",- деді.

Облыс әкімініӊ айтуынша, 2013 жылдан бастап аймақта индустрияландыру арқылы экономиканы әртараптандыру басталған, бұл тапсырманы Мемлекет басшысы Н.И.Назарбаев қойған болатын.

"Біз үшін бұл әрі қарай дамудыӊ бірден-бір жолы, себебі, өнеркәсіп өндірісініӊ 70 пайызға жуық бөлігін мұнай мен уран өндірісі алып отырса, ал, жеке мұнай ұӊғымаларыныӊ бүгінде 98 пайызы суланып кеткен. Аймақ экономикасындағы құрылымдық өзгерістердіӊ арқасында ағымдағы жылы өнеркәсіп өнімі көлемініӊ нақты көлем индексі бойынша 100 пайыздық деӊгейге сенімді шығатын боламыз. Сондықтан бес жылда атқарылған жұмыстар нәтижесінде мұнай және уран бағасына тәуелсіз аймақтық экономика құра алдық деп айта аламыз",- деді Қырымбек Көшербаев.

Сонымен бірге, өӊірлік экономиканы қалыптастырудыӊ басымдығы - жаппай кәсіпкерлікті дамыту. Осыған байланысты әкімдік мәслихатпен бірлесе отырып, "Нұр Отан" партиясы филиалымен және Қоғамдық кеӊестіӊ қатысуымен 2018 жылы жаппай кәсіпкерлік жылын жариялау туралы шешім қабылдады.

Агробизнес саласында 5 жыл ішінде инвестициялар 23 есеге дейін өсті, бұл ауыл шаруашылығында өндірістіӊ өсуіне оӊ әсерін тигізді, мысалы, 2017 жылы 4,1%. Бұдан басқа, өткен жылы жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ экспорты 37 пайызға, оныӊ ішінде күріш экспорты 39 пайызға, көкөніс 3,5 есеге, көкөністер 2 есе артты.

Аймақта 2020 жылға дейінгі Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудыӊ Агрокартасы әзірленді. Олар 2 негізгі міндетті шешуге бағытталған: ішкі нарықты толықтыру үшін жылдам дамуды қажет ететін агроөнеркәсіптік кешенініӊ секторларын дамыту және де экспортқа бағытталған өнімдер өндірісін ұлғайту мен 2020 жылға дейін Иран арқылы Парсы шығанағына, Орталық Азия және Еуропа елдеріне экспортқа шығарылатын өнімдерді шығаруды кеӊейту, ауылшаруашлығы өнімініӊ жалпы көлемін 2,4 есеге, ал, оныӊ экспортын 5 еседен астамға ұлғайту жоспарлануда.

Соӊғы 5 жылда облыста 2 млн. шаршы метр тұрғын үй бой көтерді. Егер 2013 жылы 270 мыӊ шаршы метр тұрғын үй салынса, қазір бұл көрсеткіш 600 мыӊ шаршы метрден асады. Мысалы, соӊғы жылдары облыс орталығында 14 жаӊа шағын аудан бой көтерді. Сонымен қатар, 2017 жылы апатты тұрғын үй мәселесі толығымен шешілді. 2017 жылы апатты жағдайдағы тұрғын үйдіӊ 309 отбасысы жаӊа баспанаға ие болды.

Облыстыӊ әлеуметтік осал топтарына қолжетімді баспананы қамтамасыз ету мақсатында "Орда" тұрғын үй құрылысы бойынша Жол картасы әзірленді.

Соӊғы 5 жылда облыста 200 әлеуметтік нысан іске қосылды, 2013 жылы басталған 34 ірі әлеуметтік нысанныӊ ұзақ мерзімді құрылысы аяқталды.

Білім саласында соӊғы 5 жылда 45 жаӊа мектеп салынды, оныӊ 37-і апатты жағдайдағы нысандар.

Жалағаш ауданындағы жер асты суларыныӊ деӊгейініӊ артуына байланысты апатты деп танылған № 34 мектептен өзге, облыста апатты жағдайдағы білім нысандарыныӊ мәселелері шешілген. Икімдік ағымдағы жылы осы объектініӊ проблемасын шешетін болады.

Аймақ басшысы 2017 жылғы мектеп бітірушілердіӊ 97%-ы жоғары оқу орындары мен орта арнаулы оқу орындарына түсіп, республикада еӊ жоғары көрсеткіш көрсеткенімізді және бұныӊ діни экстремистер және қылмыстық топтардыӊ жетегінде кететін маргинал жастардыӊ саныныӊ азаюына септігін тигізетінін атап өтті.

Денсаулық сақтау саласында 5 жылда 57 нысан салынды, оныӊ 49-ы апатты жағдайда болатын. Қалған 8-ін алдағы екі жылда аяқтау жоспарлануда. 2017 жылы шалғайдағы ауылдарда 11 медициналық пункт іске қосылса, ағымдағы жылы денсаулық сақтау саласы нысандарымен жабдықтауды 90 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр. 2015 жылы бұл көрсеткіш 43% көрсетсе, 2017 жылы 76,5%-ға жетті.

Соӊғы 5 жылда мәдениет саласыныӊ бюджеті 2 есеге артты. 2013 жылы облыста мәдени мұра бойынша ғылыми-әдістемелік кеӊес құрылды. Кеӊестіӊ 2017 жылы атқарған жұмыстарыныӊ ішінде маӊыздысы - ЮНЕСКО-ныӊ дүниежүзілік тізіміне Қорқыт Ата мәдени мұрасыныӊ және облыстыӊ 9 мәдени-тарихи ескерткіштерініӊ қосылуы.

Байқоӊырды дамыту мақсатында Қазақстан мен Ресейдіӊ арасында қаланы ұзақ мерзімді дамытудыӊ бірлескен бағдарламасы жасалды, оныӊ шеӊберінде қаланыӊ тіршілік ету орталықтарыныӊ жай-күйін жақсарту және тұрғын үй құрылысын салу жұмыстары басталды. Одан бөлек, келіссөздердіӊ нәтижесінде 2017 жылы Ресей Федерациясыныӊ жалдауынан шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін 11,6 мыӊ гектар жер қайтарылып алынды. Қазір Ресей тарапымен жалдаудан 3,4 мыӊ гектар жерді алуға келіссөздер жүргізудеміз.

Байқоӊыр қаласын газдандыру, 5 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы, ауыз сумен жабдықтау және жалпы су жүйесін жаӊғырту жұмыстары басталды.

Сөз соӊында Қырымбек Көшербаев, "Елбасы Н.И.Назарбаев өз Жолдауында барлық салаларда озық ақпараттық-технологияларды қарқынды түрде енгізу міндетін қойған болатын",- деп атап өтті.

"Бүгінде мемлекеттіӊ де, бизнестіӊ де барлық ресурстары дамудыӊ стратегиялық мақсаттарына жетелеуі қажет. Қызылорда облысы "Қазақстанныӊ ауқымды дамуына", өзініӊ барлық табиғи және адами ресурстарымен елдіӊ экономикалық дамуы мен халықтыӊ өмір сапасыныӊ артуына да атсалысуы керек", - деді облыс әкімі.

Кездесуге қатысушылар көкейлеріндегі сауалдарға жауап алып, әртүрлі сала бойынша ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Сонымен қатар, сауалдарын облыс әкіміне онлайн режимде жолдап, тиісті жауап алды.

Айтқандай, облыс әкіміне сұрақтарды ресімдеу 400-100 және www.400-100.kz сайттарында да жүргізілді, сонымен бірге, сұрақтар аймақтағы барлық елді мекендерде қойылған арнайы ұйымдастырлыған жәшіктер арқылы жинақталды.

Есеп беру кездесуі тікелей эфир арқылы "Қызылорда облысыныӊ әкімдігі" мемлекеттік мекемесініӊ ресми сайтында және "facebook", "www.youtube.com" әлеуметтік желілері арқылы жүзеге асырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны