12.10.2017, 17:07 6481

Қызылорда облысыныӊ Арал ауданы бойынша 25 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды

Бұдан бөлек, "Шижаға-16" кооперативі құны 13,5 млн. теӊге тұратын мал сою модулін сатып алу бағытында жұмыстар жүргізіп, аудандық жер қатынастары бөлімінен аукцион арқылы үстіміздегі жылдыӊ 4 тамызында 1000 шаршы метр жер телімін алды.

Қызылорда. 12 қазан. Kazakhstan Today Қазіргі қалыптасып отырған саяси-экономикалық жағдайға байланысты Мемлекет басшысы барлық жергілікті басқару органдарыныӊ алдына халықты жұмыспен қамту мәселесін алға тартып, аталмыш мәселені шешу барысында ауылдық жерлерде жаппай ауылшаруашылық кооперативтерін құру қажеттілігін баса айтқан еді.

Осы ретте, Қызылорда облысыныӊ Арал ауданы бойынша 25 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды. Соныӊ ішінде, қазіргі кезде мемлекет тарапынан несие алып, жұмыс жасап жатқан Октябрь ауылдық округінен құрылған "Шижаға-16" ауылшаруашылығы өндірістік копперативініӊ жұмысы ырғақты.

Нақтырақ айтқанда, кооператив мүшелікке 65 адам тартып, 50 сиырдан сүт өндіру және жеке тұлғалардан сүт қабылдау жобасына "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" акционерлік қоғамыныӊ облыстық филалы арқылы бастапқыда 6,5 млн. теӊге несиеге қол жеткізген. Аталмыш қаржы көзіне сүт тасымалдайтын бір автокөлік және сағатына 8 литр сүт өӊдейтін сепаратор, салқындатқыш танкер мен мұздатқыш сатып алған кооператив бүгінде сүтті Октябрь және Сазды ауылдық окрутеріндегі жеке және шаруа қожалықтарынан жинауда.

Белгілі болғандай, осы кезге дейін олар 5800 литр сүт өндіріп, Арал қаласындағы "Қамқор тұтыну" ЖШС-не өткізген. Бұдан бөлек, "Шижаға-16" кооперативі құны 13,5 млн. теӊге тұратын мал сою модулін сатып алу бағытында жұмыстар жүргізіп, аудандық жер қатынастары бөлімінен аукцион арқылы үстіміздегі жылдыӊ 4 тамызында 1000 шаршы метр жер телімін алды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны