24.05.2017, 17:46 4294

Қызылорда облысыныӊ кәсіпкерлер палатасы субсидиялауға өтінімдер қабылдайтынын жариялады

Субсидия алуға арналған тізбеге ену үшін 100 мал орнынан басталатын бордақылау алаӊдары ереженіӊ 3-қосымшасында көрсетілген өлшемшарттар мен талаптарға сай болуы тиіс.

Қызылорда. 24 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ кәсіпкерлер палатасы, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығыныӊ өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидасыныӊ 24-тармағын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасы Премьер-министрініӊ орынбасары -Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрініӊ 2017 жылғы 27 қаӊтардағы № 30 бұйрығымен бекітілген ережеге сәйкес ауыл шаруашылығы субъектілерінен өтінімдер қабылдайды.

Субсидия алуға арналған тізбеге ену үшін 100 мал орнынан басталатын бордақылау алаӊдары ереженіӊ 3-қосымшасында көрсетілген өлшемшарттар мен талаптарға сай болуы тиіс.

Өтінім Қызылорда облысыныӊ кәсіпкерлер палатасыныӊ аудандық филиалдарында қабылданады.

Қызылорда облысыныӊ кәсіпкерлер палатасыныӊ аудандық филиалдарыныӊ мекенжайы

Арал ауданы - Арал қ., Бактыбай батыр к-сі, 46 үй, тел.:8/72433/79199

Қазалы ауданы - 1. Ийтеке би кенті - Ийтеке би к-сі, 9 "а" үй, тел.:8/72438/79243

2. Қазалы қ.,.Жалантөс Баһадур к-сі, 23 үй, тел.:8/72438/79243

Қармақшы ауданы - Жосалы кенті, Көшербаев к-сі, 36 үй, тел.:8/72437/79120

Жалағаш ауданы - Жалағаш кенті, Сәрке батыр к-сі, 7 үй, 8/72431/79199

Сырдария ауданы - Сырдария кенті, Қонаев к-сі, 12 үй, 8/72436/79179

Шиелі ауданы - Шиелі кенті, Рысқұлов к-сі, 5 үй, тел.:8/72432/79255

Жаӊақорған ауданы - Жаӊақорған кенті, Иманова А. к-сі, 134 "а" үй, тел.:8/72435/79120

Қызылорда қаласы Қызылорда қаласы, Ийтеке би көшесі,28 тел.:8/7242/400981

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасыныӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны