20.06.2017, 20:57 8772

Қызылорда облысыныӊ Жаӊақорған, Сырдария аудандарында ауылшаруашылығы саласы бойынша кәсіппен айналысатын азаматтарға арналған семинарлар өтті

Жалпы биыл 8 базалық шаруашылықта семинарлар өткізу жоспарланған болатын. Басым бөлігі өтті. Семинарларды ұйымдастыру барысында екі кезеӊге бөліп қарастырдық. Біріншісі - өсімдік шаруашылығы бойынша, екіншісі - мал шаруашылығы бойынша.Семинарларды салада тәжірибесі, ғылыми атақтары бар лекторлар дәріс оқыды.

Қызылорда. 20 маусым. Kazakhstan Today - "Атамекен" ҰКП жанындағы "Агробіліктілік орталығы" ЖШС мен Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасыныӊ ұйымдастыруымен ауылшаруашылығы саласы бойынша кәсіппен айналысатын азаматтарға арналған семинарлар бұл жолы Жаӊақорған, Сырдария аудандарында өтті.

Жаӊақорған ауданындағы "Миялы", Сырдария ауданындағы "Ақжарма Инвест" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерініӊ базасында өткен "Мал шаруашылығындағы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы кооперациясы негіздері" бағытындағы семинарда "Агробіліктілік орталығы" ЖШС сарапшысы Мырзахмет Өкісікбаев дәріс оқыды. Семинарда мал шаруашылығы саласында құрылған агроөнеркәсіптік кешен жұмысын тиімді ұйымдастыру, өндірілген өнімді тиімді бағада сату және өткізу жолдары қарастырылды және басқа да құрылған кооперативтермен тәжірбие алмасу жүргізілді.

Шараға қатысқан 38 адамға арнайы сертификаттар табыс етілді.

"Жалпы биыл 8 базалық шаруашылықта семинарлар өткізу жоспарланған болатын. Басым бөлігі өтті. Семинарларды ұйымдастыру барысында екі кезеӊге бөліп қарастырдық. Біріншісі - өсімдік шаруашылығы бойынша, екіншісі - мал шаруашылығы бойынша.Семинарларды салада тәжірибесі, ғылыми атақтары бар лекторлар дәріс оқыды. Шараға қатысу тегін, семинар қорытындысымен ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне сертификаттар берілуде", - дейді Кәсіпкерлер палатасыныӊ сарапшысы Алма Пірманова.

Ауылшаруашылық тауар өндірушілерге мемлекеттен көрсетілетін қолдаулардыӊ барлық түрлері туралы ақпарат алғыӊыз келсе "Атамекен" ҰКП байланыс орталығыныӊ 8-8000808010 нөміріне хабарласа аласыздар.

Онлайн өтініш беру үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арналған fermers.kz веб-порталы жұмыс жасайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны