13.04.2017, 15:33 5147

Қызылорда облыстық Кәсіпкерлер палатасы "Ийелдерге арналған кәсіпкерлік апталығында" 200-ден астам қыз-келіншекті тегін оқытты

"Қыз-келіншектер бизнесі" жобасына наурыз айында өткен апталық барысында түскен 180 өтініштіӊ ішінен 100 анкета иесі таӊдалып алынды. Бүгінде анкеталарға сай топтар құрылып, тәлімгерлер анықталды.

Қызылорда. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылордада Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеӊесі "Ийелдерге арналған кәсіпкерлік апталығында" 200-ден астам қыз-келіншекті тегін оқытты.

Бұл туралы Іскер әйелдер кеӊесініӊ төрайымы Жанна Аманова айтты.

"Қыз-келіншектерге арналған арнайы апталық ұйымдастыруыма аймақтағы нәзік жандылардыӊ сұранысы себеп болды. Алғаш кеӊес жұмысын қолға алғанда өз кәсібін ашқысы келетін жандарды көрдім, бірақ басым бөлігінде қорқыныш бар. Неден бастау керектігін, қайда бару қажеттігін біле бермейді", - деген Кеӊес төрайымы биыл тыӊ бастаманы қолға алып, арнайы апталық ұйымдастырды. Апталық деп аталса да бір ай көлемінде өткізілген шараға қызылордалық қыз-келіншектер белсенді қатысты.

"Аймақта кәсіппен айналысатын нәзік жандылар қатарын көбейтуға белсенді атсалысып, апталықтыӊ оқыту курстарында тегін мастер-кластар өткізген облыстық іскер әйелдер кеӊесініӊ мүшелеріне алғысымды айтқым келеді. Апталық 1-30 наурыз аралығында өтті. Қорытынды шараны Іскер әйелдер кеӊесініӊ 2 жылдығы аясында қаладағы "Достық" үйінде өткіздік. Бұл шара одан әрі кәсіппен айналысуға дайын, икемі бар қыз-келіншектердіӊ тізілімін қалыптастыруға сеп болды. Енді алда "Қыз-келіншектер бизнесі" атты оқыту жобасын қолға алып жатырмын", - деді Жанна Аманова.

"Қыз-келіншектер бизнесі" жобасы аясында осы жылдыӊ мамыр-тамыз айлары аралығында бизнес-тәлімгерлер тегін оқыту тренингтерін өткізетін болады. Шара демалыс күндері сағат 15.00-ден 18.00 аралығында өтеді.

Бұл туралы Жанна Аманова: "Қыз-келіншектер бизнесі" жобасына наурыз айында өткен апталық барысында түскен 180 өтініштіӊ ішінен 100 анкета иесі таӊдалып алынды. Бүгінде анкеталарға сай топтар құрылып, тәлімгерлер анықталды. Кәсібін жүргізген азаматшаларға Кәсіпкерлер палатасы тарапынан да тегін сервистік және өзге де қызметтер көрсетілетін болады. "Қыз-келіншектер бизнесі" жобасы 6 мамыр мен тамыздыӊ соӊына дейін өтеді. Апта сайын өткізілетін тренингтерде қатысушылар бизнес саласында жетістікке жеткен азаматтар Раушан Базарбай, Мәдина Төлепова, Қанат Худжабергенов, Исия Қирбаева, Ақмарал Баймаханова, Наталья Мишукова сынды азаматтардан дәріс алатын болады", - деді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны