19.05.2017, 15:38 10254

Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы экспортқа шығарушылар орталығын құруды ұсынды

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы алаӊында "Атамекен" ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев,"Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов пен аймақ кәсіпкерлерініӊ қатысуымен Өӊірлік кеӊес отырысы өтті.

Қызылорда. 19 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы алаӊында "Атамекен" ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев,"Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов пен аймақ кәсіпкерлерініӊ қатысуымен Өӊірлік кеӊес отырысы өтті.

Отырыста Кәсіпкерлер палатасыныӊ атқарған жұмыстары жайлы хабарлама жасаған Палата директоры Ғалымбек Жақсылықов ауылшаруашылығы тауарын өндірушілердіӊ өнімін экспорттауға қатысты ұсынысын білдірді.

"Қызылорда облысында ауылшаруашылығы тауарларын экспортқа шығаратын кәсіпкерлер жеткілікті. Бірақ компаниялар қажетті құжаттарды алу үшін 2-3 күнде 6 мекемені аралауға мәжбүр болады. Мемлекет басшысыныӊ Жолдауында өӊірлердегі экспортерларға "біртерезе" қағидасы аясында қызмет көрсете отырып, қолдау керек деген болатын. Осы ретте, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымыныӊ тәжірибесі негізінде арнайы "біртерезе" қағидасымен жұмыс істейтін жұмысшы органын құруды ұсынамын", - деді Ғалымбек Жақсылықов.

Палата басшысы жергілікті экспорттаушыларға қосымша жүктелетін ауыртпалықтар туралы айта келе, экспорттаушы кәсіпкер жүгінетін мекемелерді атады:

1. Кәсіпкерлер палатасынан - СТ-КЗ сертификаты;

2. "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" АҚ Қызылорда филиалы немесе "Астық сапасы" ЖШС-нен сапа сертификаты;

3. ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетініӊ облыстық құрылымдық инспекциясынан фитосанитарлық сертификат:

4. Кедендік бақылау департаментінен декларация;

5. Теміржол бөлімдері

6. Халыққа қызмет көрсету орталығына құжаттар тапсырады

Палата басшысыныӊ айтуынша, экспорттаушылар үшін құруды ұсынып отырған органныӊ мемлекеттік орган болуы міндетті емес, мүмкіндігінше аталған бастаманы жүзеге асыруға жеке секторды тартқан дұрыс.

Бұл механизм Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде ғана емес, сондай-ақ Сингапур, Гонконг сынды жылдам дамушы елдерде де сәтті қолданылып келеді.

Ғалымбек Жақсылықов аталмыш ұсыныс жүзеге асырылған жағдайда бұл қызмет түрін тек қана тауарды экспорттаушылар ғана емес, сондай-ақ импорт тауар әкелуші кәсіпкерлер де қолдана алатындығын жеткізді,- деп хабарлайды Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны