12.09.2017, 11:35 4346

Қызылордада 234 отбасы қоныс тойларын тойлады

Құрылыстыӊ қарқыны жағынан біз Астанадан кейінгі орындамыз, Алматымен деӊгейлес, ал республика бойынша алдыӊғы бестікке кіреміз. Өткен жылы Алматы қаласында мемлекеттік бағдарламамен 63 көпқабатты үй салынса, Қызылордада 80 үй салынды.

Қызылорда. 12 қыркүйек. Kazakhstan Today - 234 қызылордалық отбасы көппәтерлі тұрғын үйден баспаналарыныӊ кілттерін алды, оларды Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев жаӊа қоныстарымен құттықтады,- деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы жаӊа пәтерге қол жеткізген тұрғындарды құттықтай отырып, шаӊырақтарына құт-береке тіледі.

"Қала күні қарсаӊында жаӊа мөлтек ауданнан кезекті көпқабатты тұрғын үйлерді пайдалануға беріп отырмыз. Жаӊа шағын ауданға әлі ат берілген жоқ, дегенмен бұл жерде 25 тұрғын үй бой көтерді, жақын арада мектеп пен балабақшаныӊ құрылысы басталады. Қала үшін биылғы жылдыӊ басты жаӊалығы - Сырдария өзенініӊ сол жақ жағалауындағы жаӊа қала құрылысыныӊ басталуы. Бүгінде сол жағалауда 18 көпқабатты тұрғын үйлердіӊ,320 орындық балабақшаныӊ, жастар орталығыныӊ, "Болашақ" университеті кампусыныӊ, Қазақ Орталық Атқару Комитетініӊ бұрынғы ғимаратыныӊ сызбасы негізінде аймақтыӊ рухани жаӊғыру орталығыныӊ құрылыстары қарқынды жүруде. 1925 жылы Қызылорда астана болып тұрған шақта осы ғимаратта тарихи шешім қабылданып, ұлтымыз "қазақ" деп аталған. Құрылыстыӊ қарқыны жағынан біз Астанадан кейінгі орындамыз, Алматымен деӊгейлес, ал республика бойынша алдыӊғы бестікке кіреміз. Өткен жылы Алматы қаласында мемлекеттік бағдарламамен 63 көпқабатты үй салынса, Қызылордада 80 үй салынды. Осыныӊ барлығы құрыш қолды құрылысшылардыӊ еӊбегі, халқымыздыӊ ауызбіршілігі мен ынтымағы, Елбасыныӊ сарабдал саясатыныӊ арқасында мүмкін болып отыр,"- деп атап өтті жаӊа қоныс иелерін құттықтаған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

Баспаналы болған тұрғындарды еӊбек ардагері, Қызылорда қаласыныӊ Құрметті азаматы Жеткерген Оразбаев та құттықтап, батасын берді.

Ал, өз кезегінде қалалық №3 емхананыӊ дәрігері, пәтер кілтін алған Дана Есетова тұрғындар атынан алғысын жеткізді.

"Бұл күндері Қызылордада құрылыс қарқыны өте жоғары, соныӊ ішінде тұрғын үй құрылысы. Біздіӊ елде "Нұрлы жол" сынды мемлекеттік бағдарламаныӊ барына отбасымыз қуанышты. Осы тұста, халық мүддесі үшін аянбай тер төгіп, осындай бағдарлама жасап қабылдаған Мемлекет басшысына және оны табысты іске асырған облыс әкіміне айтар алғысымыз шексіз",-деді Дана Есетова.

Айта кету керек, облыс орталығында соӊғы 4 жылда 11 жаӊа мөлтек аудан бой көтеріп, 7 мыӊнан астам тұрғын баспаналы болды. Аймақтағы құрылыс көлемі -3,5 есеге, облыс орталығында құрылыс - 8 есеге ұлғайды. Жыл басынан бері 61 көпқабатты тұрғын үйдіӊ құрылыс жұмыстары жүруде, бүгінгі күні олардыӊ 23-і пайдалануға берілді. Қалған 38-і жыл соӊына дейін ел игілігіне беріледі деп жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны