11.08.2018, 19:54 6726

Қызылордада антикоррупциялық фронт-офис шетелдік мамандардыӊ визасын алуды жеделдетті

Үстіміздегі жылдыӊ маусым айынан бастап Сыр елінде инвесторлардыӊ құқығын қорғауға бағытталған "Рrotecting business and investments" инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу" жобасы іске асырылуда.

Қызылорда. 11 тамыз. Kazakhstan Today -Қызылордада антикоррупциялық фронт-офис шетелдік мамандардыӊ визасын алуды жеделдетті.

Қызылорда облысыныӊ Шиелі ауданындағы жылына 1 млн. тонна тампонажды цемент өндіретін зауыт құрылысына қажетті шетелдік 5 маманныӊ құжаттары антикоррупциялық фронт-офис арқылы шешілді.

Үстіміздегі жылдыӊ маусым айынан бастап Сыр елінде инвесторлардыӊ құқығын қорғауға бағытталған "Рrotecting business and investments" инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу" жобасы іске асырылуда.

Жоба аясында Қызылорда облысында жалпы құны 356 млрд. теӊгені құрайтын шетелдік және отандық инвесторлардыӊ 12 инвестициялық жобалары сүйемелдеуге алынып, жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша келісімдерге қол қойылды. Инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдейтін және қолдау көрсететін фронт-офис ашылып, өз жұмысын бастап кетті.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысыныӊ орынбасары Берікбол Байхожаев: - "Жыл басынан біздіӊ департаменттіӊ араласуымен 4 кәсіпкердіӊ құқықтары қорғалды. Олардыӊ қатарында кәсіпкерлерге жер учаскесініӊ ұзақ уақыт бойы табысталмауы, мемлекеттік тапсырысқа бөлінген тиесілі қаржыныӊ уақытылы аударылмауы секілді мәселелер бар. Қазіргі таӊда осы фронт-офиске инвесторлар тарапынан сұрақтар келіп түсуде. Мысалы, фронт-офискешетелдік инвестор "Чайна Триумф Интернэшнл Инжиниринг" ЖШС компаниясынан шағым келіп түсті. Шағымда инвестор компания Шиелі ауданындағыцемент зауытыныӊ құрылысына қажетті мамандарды тарту үшін облыстық ішкі істер департаментініӊ көші-қон қызметіне визалық рұқсат алу құжаттарын өткізгендігін, алайда, шетелдік мамандарға виза алу мәселесі шешілмей жатқанын хабарлаған болатын. Департаменттіӊ тікелей араласуымен бұл мәселе өз шешімін тауып,цемент зауытыныӊ құрылысына қажетті 5 шетелдік маманғавизалық құжаттар рәсімделді", - деп мәлімдеді.

Бүгінгі күні фронт-офис пен өӊірдегі инвесторлар арасында сенімді қарым-қатынас орнатылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны