28.06.2017, 17:26 4036

Қызылордада кәсіпкерлерге қызмет көрсету электрондық форматқа ауыстырылады

Бұл туралы Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтыӊ жұмыс сапары барысында аймақ экономикасын жаӊғырту мәселелеріне арналған жиында мәлімдеді.

Қызылорда. 28 маусым. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысыныӊ Жолдауынан туындаған тапсырмаларға сай бизнестегі әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Орталық ағымдағы жылдыӊ 1 ақпанынан бастап кәсіпкерлерге "бір терезе" қағидаты бойынша инженерлік желілерге рұқсат құжаттары мен техникалық шарттарды беру қызметтерін көрсетіп келеді.

Бұл туралы Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтыӊ жұмыс сапары барысында аймақ экономикасын жаӊғырту мәселелеріне арналған жиында мәлімдеді.

- Бұл қызметтер екінші жартыжылдықтан бастап электрондық форматқа ауыстырылады. Облыстағы жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша бірыӊғай жол картасы қабылданып, оны іске асыруда қатаӊ бақылау мен үлкен жауапкершілік талап етіледі,- деді Қ.Көшербаев.

Бірыӊғай жол картасы бойынша әрбір ауданныӊ экономикалық бағыттағы маманданған салалары бекітіліп, кәсіпкерлікті дамытуға байланысты жүргізілетін мониторинг облыс әкімдігіндегі ахуалдық орталықтыӊ базасына енгізілді. Бұл шаралардыӊ барлығы сәйкесінше бюджеттіӊ кіріс бөлігін толықтыруға, Жинақтаушы зейнетақы қорларын және медициналық сақтандыру жарналарын қамтамасыз етуге септігін тигізбек.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны