14.11.2017, 17:18 4798

Қызылордада тұӊғыш рет кәсіпкерлік мақсаттағы жер телімдеріне арналған аукцион өтті

Қызылордада тұӊғыш рет кәсіпкерлік мақсаттағы жер телімдеріне арналған аукцион Кәсіпкерлер палатасыныӊ алаӊында өтті.

Қызылорда. 14 қараша. Kazakhstan Today - Қызылордада тұӊғыш рет кәсіпкерлік мақсаттағы жер телімдеріне арналған аукцион Кәсіпкерлер палатасыныӊ алаӊында өтті.

Осыдан бірнеше күн бұрын Кәсіпкерлер палатасыныӊ директоры Ғалымбек Жақсылықов әлеуметтік желідегі парақшасында: "Достар! Дәл қазір қуанышты сезімде тұрмын. Ерекше жаӊалықпен, Сіз бен біз болып бірге жасаған жұмыстыӊ нәтижесімен бөліскім келіп отыр. Естеріӊізде ме, "кәсіпкерлік мақсаттағы жер телімдеріне жарияланатын аукцион туралы ақпаратты кәсіпкерлер дер кезінде ала алмайды, ақпарат жеткіліксіз",- деп жергілікті атқарушы органныӊ алдында мәселе қойған болатынбыз. Бүгін қалалық жер қатынастары бөлімінен "Ұсыныстарыӊызға сәйкес, ағымдағы жылдыӊ 11 қарашасында болатын кезекті аукцион Қызылорда қаласы, Ийтеке би көшесі, № 28 мекен-жайында орналасқан Қызылорда облысыныӊ Өӊірлік кәсіпкерлер палатасыныӊ мәжіліс залында өткізілетін болды", - деген ресми хат алдық. Иә, иә, қателескен жоқсыздар, кәсіпкерлік мақсаттағы жер телімдеріне арналған аукцион ашық әрі жариялы негізде біздіӊ Кәсіпкерлер палатасыныӊ ғимаратында өтеді", - деген жазба қалдырған болатын.

Сенбі күні қалалық жер қатынастары бөлімі Кәсіпкерлер палатасында жер телімдерін аукцион тәсілімен беру шарасын өткізді. Шараға 33 жер телімі ұсынылып, қызығушылық танытқан кәсіпкерлердіӊ қарасы басым болды.

Шараны ұйымдастырушылардыӊ бірі Палата қызметкері Гаухар Елеусінова: "Аукционныӊ тартысты болғаны соншалықты тіпті бір лотқа қатысқан 4 кәсіпкердіӊ арасында талас болып, жер телімін 12 млн.теӊгеге дейін бағалағандары болды. Ал жалпы ауыл шаруашылығы үшін жер телімдерін жыл сайынғы жалдау бағасы тиімді, кәсіпкерлердіӊ қалтасы көтеретіндей", - дейді.

Айта кету керек, Қызылордада жер телімдері туралы толық ақпаратпен қамтитын www.kyzylorda-zher.kz ресми сайты ашылды. Сайтта аукционға шығарылатын жер телімдері туралы (мекен-жайы, сызбасы, нысаналы мақсаты, жер пайдалану құқығы, жер телімініӊ бастапқы бағасы, аукционға қатысу үшін төленетін жарна пұл т.б.) толық ақпарат берілген.

Аукционға "Ғимаратқа қызмет көрсету үшін" және "Өзіндік кәсіпкерлікке негізделген шаруа қожалығын жүргізу үшін" жер телімдері ұсынылады. Аукционға қатысуға ниет білдірген жағдайда өз заӊдылығына сәйкес қалалық жер қатынастары бөліміне барып, алдын ала тиісті төлемді төлеу арқылы өтініш білдірсеӊіз, аукционға шақырту ала аласыз.

Келесі аукцион шарасы желтоқсан айында өткізіледі деп жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны