22.03.2017, 19:09 4824

Қызылордалық "Dalatex" компаниясы мемлекеттік бағдарлама қатысушысы атанды

Кәсіпкер бизнесін дамыту мақсатында "Бизнестіӊ жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудыӊ бірыӊғай бағдарламасы аясында 14%-бен 30 млн теӊге несие рәсімдеп, оныӊ пайыздық үстемесініӊ 10%-ын мемлекет қайтарымсыз негізде субсидиялауда. Компания болса тек 4%-дық үстемемен несиесін өтеп, өз шығындарын азайтуға мүмкіндік алып отыр.

Қызылорда. 22 наурыз. Kazakhstan Today - Ерлер жейдесін шығарумен айналысатын қызылордалық "Dalatex" компаниясы мемлекеттік бағдарлама қатысушысы атанды,- деп хабарлайды "Даму" қоры.

Осыдан бір жыл бұрын "Dalatex" компаниясы ерлер жейдесін шығаруды қолға алған болатын. Бүгінде көпшіліктіӊ көзайымына айналған цех өз өнімін Қазақстанныӊ барлық аймақтарына тіпті Ресейге де экспорттап отыр. "Dalatex" бренді кеӊ үлгіде, қынама белді және жартылай ұзындықтағы үлгімен түрлі маталар қолданылған модельдердер ұсынады.

Фабриканыӊ негізін қалаушы Ділмұхамед Абизов бизнестегі жолын 20 жыл бұрын бастаған. Кәсіпкер бизнесін дамыту мақсатында "Бизнестіӊ жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудыӊ бірыӊғай бағдарламасы аясында 14%-бен 30 млн теӊге несие рәсімдеп, оныӊ пайыздық үстемесініӊ 10%-ын мемлекет қайтарымсыз негізде субсидиялауда. Компания болса тек 4%-дық үстемемен несиесін өтеп, өз шығындарын азайтуға мүмкіндік алып отыр.

Ділмұхамедтіӊ айтуынша өз бизнесін әртараптандыру үшін және саудадан өндіріске өту қадамын жасауға көп ойланып барған. Еӊ бастысы, нақты қадам жасау арқылы ол өзініӊ айналасы мен мемлекеттіӊ үлкен көмегін сезіне алды.

- Мен өз арманымды жүзеге асыра алғаныма қуаныштымын. Күнделікті біз 200-ден аса жейделер тігудеміз, ал шеберлеріміз көйлектіӊ әр түрін ұсына отырып, талғамы жоғары тұтынушылардыӊ тапсырысын орындауда. Біздіӊ өнімдерді тек жергілікті халық қана емес, өзге өӊір тұрғындары да ұнатып, сатып алуда. Бұл біздіӊ еӊбегіміздіӊ қайтқаныныӊ дәлелі, - деп өз ойымен бөлісті Ділмұхамед Абизов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны