18.07.2017, 21:48 5146

Қызылордалық ғалымдар құрылыс және мұнай өндірісінде энергия және ресурс үнемдеу технологияларын ойлап тапты

Жыл сайын Сыр өӊірінде шамамен 40 мыӊ тонна күріш қауызы өндірістік қалдық ретінде қажетке жарамай қалатын. Ал, сырбойылық ғалымдар осы күріш қауызынан арболит жасауға болатынын айтады. Бұл әдіс жеӊіл бетон өндірісіндегі дәстүрлі технологиямен салыстырғанда біршама арзан әрі экологияны сауықтыруда пайдасы орасан.

Қызылорда. 18 шілде. Kazakhstan Today - Қызылордалық ғалымдар құрылыс және мұнай өндірісінде энергия және ресурс үнемдеу технологияларын ойлап тапты. Тынымсыз зерттеулердіӊ нәтижесінде күн сәулесін пайдаланып, бетон бұйымдарын тез әрі біркелкі кептіруге болатыны дәлелденді. Сондай-ақ жергілікті ғалымдар күріш пен мұнайдыӊ қалдығын пайдаға жаратудыӊ тыӊ жолын ұсынып отыр.

Жыл сайын Сыр өӊірінде шамамен 40 мыӊ тонна күріш қауызы өндірістік қалдық ретінде қажетке жарамай қалатын. Ал, сырбойылық ғалымдар осы күріш қауызынан арболит жасауға болатынын айтады. Бұл әдіс жеӊіл бетон өндірісіндегі дәстүрлі технологиямен салыстырғанда біршама арзан әрі экологияны сауықтыруда пайдасы орасан.

- Жергілікті арзан шикізаттарды қолданамыз. Яғни жылу орталығыныӊ күлін, сонымен қатар әртүрлі химиялық қоспалар, сұйық шыны, кальций хлориді. Солардыӊ мөлшерін біз екі есе азайтып, арболиттіӊ өзіндік бағасын төмендеттік. Ал техника ғылымдарыныӊ кандидаты Нәби Даужанов темірбетон бұйымдарын өндіруші кәсіпорындар шығынан азайтудыӊ жолын ұсынып отыр. Яғни бетон құймасын кептіру кезінде күн энергиясы пайдаланылады. Ол үшін арнайы гелиоқақпақ ойлап табылды, - дейді техника ғылымдарыныӊ докторы Сәкен Үдербаев.

Техника ғылымдарыныӊ кандидаты Нәби Даужановтыӊ айтуынша гелиоқақпақтыӊ төрт жағына төрт рама орнатылады да, екіқабатты полиэтилендік плёнка тартылады. Екі полиэтилендік плёнканыӊ белгілі арақашықтығы бар. Егер ол сақталмаса, берілетін жылудыӊ мөлшері өзгеруі мүмкін. Сол арқылы арнайы бекіткіш құлыптар арқылы бекітіліп, формалар қатаю процесіне қойылады.

Жергілікті ғалымдар мұнай бұрғылау кезінде шығатын қалдықтарды да пайдалы іске бағыттауға болатынын айтады. Идетте тонналап көмір шығындалатын керамзит өндірісіне енді "қара алтын" қалдықтарын қолданған жөн.

- Алынған технологияны біз Орал қаласындағы керамзит зауытында тәжірибелік сынақтан өткіздік. Ол зауытта акредиттелген зертхана бар. Сол зертхана біздіӊ алынған керамзитіміздіӊ құрамына сертификат сәйкестігін берді. Яғни мемлекеттік стандартқа барлық физикалық-механикалық қасиеттері бойынша сай келеді, - техника ғылымдарыныӊ кандидаты Роза Нарманова.

"Қорқыт ата" атындағы Қызылорда мемлекеттік университетініӊ зертханасында бірқатар тыӊ технология әлі де сыналып жатыр. Басты мақсат - энергия және ресурс үнемдеу тәсілдерін жетілдіріп, отандық өндірістіӊ өркендеуіне жол ашу.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны