13.01.2014, 19:40 3097

КО елдеріне шығатын қазақстандық өңделген тауарлар экспорты 2,5 есеге өсті -Т.Жақсылықов

"Кедендік одақ құрылғалы бері қазақстандық өңделген тауарлар экспорты 2,5 есеге өсіп, 4 млрд долларды құрады. Жалпы, КО елдерінің тұтынатын өңделген тауарларының 60 пайызы біздің елдің өніміне тиесілі", - деді Жақсылықов.

Алматы. 13 қаңтар. Kazakhstan today. КО елдеріне қазақстандық өңделген тауарлар экспорты 2,5 есеге өсті, деп мәлімдеді ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықов.

"Кедендік одақ құрылғалы бері қазақстандық өңделген тауарлар экспорты 2,5 есеге өсіп, 4 млрд долларды құрады. Жалпы, КО елдерінің тұтынатын өңделген тауарларының 60 пайызы біздің елдің өніміне тиесілі", - деді Жақсылықов.

Вице-министрдің айтуынша, экспорттың өсіміне ықпал ететін нақты тауарлардың қатарына рафинацияланған мыс катоды, табиғи уран мен оның қосылыстары.

Сонымен қатар, алғаш рет машина жасау саласында экспорт өсімі байқалған.

"Біз алғаш рет машина жасау саласында экспорт өсіміне қол жеткізіп отырмыз. Нақтырақ айтар болсақ, автобус өнімдері экспорты 20 млн долларға жетіп отыр", - деді вице-министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны