10.12.2018, 01:37 7050

"Қостанай минералдары" АҚ ҚР Президентініӊ жолдауын қолдап, 2019 жылы өз жұмысшыларыныӊ жалақысын көтермек

"Қостанай минералдары" АҚ - Қазақстан Республикасындағы жалғыз хризотил өндірушісі. Кәсіпорынныӊ шикізат базасы - Жітіқара хризотил-асбест кенорны. Оныӊ базасында 1965 жылы "Қостанай Асбст" комбинаты салынып, пайдалануға берілді.

Қостанай. 10 желтоқсан. Kazakhstan Today - Тұӊғыш Президент күні қарсаӊында "Қостанай минералдары" АҚ басшылығы әкімшілік және өнеркәсіптік қызметкерлер құрамыныӊ еӊбекақы деӊгейін 10%-ға көтеру туралы шешім қабылдап, кәсіпорындағы еӊ төмен жалақыныӊ мөлшерін 100 мыӊ теӊге деӊгейінде белгілеу арқылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Қазақстандықтардыӊ әл-ауқатыныӊ өсуі: табыс пен өмір сапасын көтеру" атты жолдауына толықтай қолдау көрсетіп отыр.

Осыныӊ нәтижесінде 2019 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап "Қостанай минералдары" АҚ жұмысшыларыныӊ тарифтік мөлшерлемесі және лауазымдық айлығы 10%-ға көтеріледі. Кәсіпорындағы орташа айлық жалақы 200 мыӊ теӊгеден төмен болмайды. 16 қарашадан бастап хризотил-асбест өндірістік кәсіпорнында еӊ төменгі айлық мөлшері100 мыӊ теӊге деӊгейінде қойылып отыр. Жұмысшылардыӊ әл-ауқатымен байланысты мәселе Кәсіпорын әкімшілігініӊ үнемі наразында тұрады. Осыған дейін компания айлықты екі мәрте көтерді: 2018 жылдыӊ қаӊтарында және шілде айында. Осылайша "Қостанай минералдары" АҚ кезекті мәрте бизнестіӊ әлеуметтік жауапкершілік қағидаларын ұстанатындығын, қазақстандықтардыӊ әл-ауқатын көтеру, табысы мен өмір сапасын арттыру туралы Елбасыныӊ жолдауы аясындағы бастаманы толықтай қолдайтындығын көрсетіп отыр.

"Біз - ұжымдық шартта жалақыны тұрақты түрде көтеріп тұруды қарастырып қойған Қазақстанныӊ тау-кен металлургия саласындағы аздаған компаниялардыӊ біріміз. Біздіӊ кәсіпорында 200 мыӊнан аса адам жұмыс жасайды. Біз олардыӊ еӊбек жағдайы мен лайықты жалақы алуы үшін жіті көӊіл бөліп отырамыз, - деп атап өтті "Қостанай минералдары" АҚ басқарма төрағасы Ербол Нұрқожаев. - Бүгін біз хризотил саласы тұрақты дамып жатқандығын көріп отырмыз. Біз жылдан жылға табысты көрсеткіштерді көрсетіп келеміз, ал бұл өз кезегінде компанияныӊ табысы мен төленетін салыққа ғана емес, сонымен бірге, жұмысшылардыӊ жалақысына да әсеретіп отыр. Кәсіпорынныӊ даму стратегиясында жұмысшылардыӊ өмір сапасын жақсартуға, олардыӊ табысын тұрақты түрде көтеруге, олардыӊ жекебас тиімділігін арттыруға басты назар аударылған. Адал атқарылған еӊбекке лайықты жалақы төленуі тиіс екендігін біз жақсы түсінеміз!"

Үстіміздегі жылы кәсіпорынныӊ өндірістік-экономикалық қызметінен жақсы нәтижелер алынғандығы арқасында жалақыны көтеруге мүмкіндік пайда болып отыр. "Қостанай минералдары" АҚ хризотил өндірумен айналысады және де 2014-2017 жылдар аралығында ақшалай түсімі 66%-ға өсті. Комбинаттыӊ өнімі Қазақстан мен ТМД елдерінде ғана емес, сонымен бірге, алыс шетелде де кеӊ сұранысқа ие.

"Қостанай минералдары" АҚ - Жітіқара моноқаласын дамытуға және көркейтуге, сондай-ақ, "Жітіқара ауданыныӊ және оныӊ инфрақұрылымыныӊ әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысу туралы" меморандум аясында әлеуметтік бағыттағы жобаларға инвестиция құятын қала түзуші кәсіпорын. Компания мәдени іс-шаралар мен спорт сайыстарын өткізуге, кәсіпорындар мен ұйымдардыӊ материалдық-техникалық базасын нығайтуға, ауданныӊ үздік оқушыларын ынталандыруға, күнкөрісі төмен отбасылардыӊ балаларын тамақтандыруға өз қолдауын көрсетіп отырады. Мәселен, 2005 жылдан бастап қалалық алаӊ және жаяужолдар көркейтіліп, мұсылман мешіті және православ храмы көтерілді, балабақша жөнделіп, әкімшілік ғимарат салынды, қалалық жағажай көркейтілді. Кәсіпорын қаржысы есебінен 48 пәтерлік тұрғын үй қалпына келтіріп, пайдалануға берілді. 2017 жылы екі тұрғын үйді қайта құру үшін жобалау-сметалық құжатнаманы дайындау жұмыстары аяқталды. 120 орынға шақталған "ҚМ Бөбек" балабақшасын қайта құру және пайдалануға беру мақсатында 223 млн. теӊгеден аса қаржы бөлінді. Жыл сайын 500 млн-ға жуық қаржы әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, кәсіпорын жұмысшылары мен олардыӊ отбасы мүшелеріне, зейнеткерлерге әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталып отырады.

Анықтама:

"Қостанай минералдары" АҚ - Қазақстан Республикасындағы жалғыз хризотил өндірушісі. Кәсіпорынныӊ шикізат базасы - Жітіқара хризотил-асбест кенорны. Оныӊ базасында 1965 жылы "Қостанай Асбст" комбинаты салынып, пайдалануға берілді. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер аумағында қызмет ететін хризотил өндіруші үш комбинаттыӊ біреуі болып табылады. Хризотил-асбестті өндіру жағынан компания әлемде төртінші орында тұр. 3-6-топқа жататын хризотил-асбестті өндіру бойынша өндірістік қуатылығы жылына 400 мыӊ тоннаға дейін жетеді. Өнімніӊ 95%-ы экспортқа шығарылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны