Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
19 қараша 2018
  • 15
  • :
  • 16
17:00

Қостанай облысы агроөнеркәсіптік кешенін дамыту және инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды11.08.2018
Экономика  19:50
Қостанай. 11 тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Шөкеев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу өткізді, онда облыстыӊ агроөнеркәсіптік кешенін дамыту және инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Бағдарлама аясында еӊбек өнімділігі мен өӊделген өнімдерді экспорттауды 2,5 есеге арттыру міндеті қойылған. Бағдарлама әлемдік нарықта пайда болатын жаӊашылдықтарды есепке ала отырып, аграрлық секторға кешенді және жүйелі түрде көзқарас ұсынады және ол жобалық басқару арқылы жүзеге асырылады.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудыӊ өӊірлік бағдарламасыныӊ тұжырымдамасы ұсынылды. Спикерлер етті сүтті мал шаруашылығын дамытудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

Өӊірлік салалық бағдарламалар негізінде бордақылау алаӊдары 10 жыл ішінде 3000 астам отбасылық фермалар құрылып, ірі қара мал саны 150 мыӊға артады деп жоспарлануда. Қойлардыӊ саны 300 мыӊға дейін көбейеді.

Іс-шара өӊірдегі тауар өндірушілердіӊ өзекті мәселелерін талқылау және пікір алмасу форматында жалғасты.

Одан кейін кездесуге қатысушылар өндірістік қуаты тәулігіне 25 тонна сүт өндіретін "Олжа Садчиковское" ЖШС сүтті-тауарлы фермасында болды,. Консервантсыз барлық өндірілген өнімдер тек аталған өндірістіӊ табиғи сүтінен жасалады. Кәсіпорын Қостанай және Рудный қалаларындағы балабақша, мектептер мен интернаттарды сүт және сүт өнімдерімен қамтамасыз етуде.

Элиталық тұқым сорттарын өндіру және сатумен айналысатын "Заречное" тәжірибелік шаруашылық ЖШС-не барған кезде, аграрлық ғылым бірінші кезекте жаӊа технологияларды беру және олардыӊ отандық жағдайларға бейімделуі мәселелерімен айналысу керектігін атап өтті. Бүгінгі күні "Заречное" тәжірибелік шаруашылығыныӊ 30,7 мыӊ гектар егіс алқабы бар, оныӊ ішінде - 15,4 мыӊ гектар егістік жерлер, 12,2 мыӊ гектарда дәнді дақылдар бар.

"Агротехнологиялық компания" ЖШС асыл тұқымды фермасыныӊ бас директоры Бесалиев М.Т. өсірілген тұқымдар туралы - қазақ ақбас, Абердин Ангус, Герефорд туралы айтып берді. Шаруашылықтыӊ ірі қара мал қоры 1300 бас, 29,3 мыӊ гектар егіс алқабы бар, кәсіпорында 15 адам жұмыс істейді.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі мемлекеттік және аймақтық бағдарламалардыӊ табысты болуы агробизнестіӊ қызметіне байланысты екенін Өмірзақ Шөкеев атап өтті. Өз кезегінде, Мемлекет басшысыныӊ қойған міндеттеріне қол жеткізу үшін шаруаларға мемлекет тарапынан жақсы қолдау көрсетілуде.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
Просмотров: 3916

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter