21.07.2017, 21:55 4409

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев СҚО кәсіпкерлерімен бизнес ортаны жақсарту шараларын талқылады

Бақытжан Сағынтаев бизнес ортаны қайта реттеу шараларына толығырақ тоқталды. Рұқсаттар саны 3 еседен аса қысқартылды, бақылаудыӊ 114 саласы және қадағалаудыӊ 18 саласы қайта қаралды. Мемлекеттік органдарға есептіліктер мен мәліметтер ұсыну бойынша бизнестіӊ міндеттері тұрғысынан заӊнаманы тексеру басталды.

Петропавловск. 21 шілде. Kazakhstan Today -ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев "Атамекен" ҰКП өӊірлік кеӊесініӊ мүшелерімен шағын және орта бизнесті дамыту және бизнес ортаны жақсарту шараларын іске асыру мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасына сәйкес Үкімет отандық бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау бойынша кешенді жұмыс жүргізуде. Қаржылық және қаржылық емес қолдау шаралары қабылданып, заӊнамалық база жетілдіріліп жатыр.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бизнес ортаны қайта реттеу шараларына толығырақ тоқталды. Рұқсаттар саны 3 еседен аса қысқартылды, бақылаудыӊ 114 саласы және қадағалаудыӊ 18 саласы қайта қаралды. Мемлекеттік органдарға есептіліктер мен мәліметтер ұсыну бойынша бизнестіӊ міндеттері тұрғысынан заӊнаманы тексеру басталды. Бірінші кезеӊде қолданылған шаралардыӊ нәтижесі бизнеске қойылатын ақпараттық талаптарды 30%-ға қысқарту болмақ.

Ауыл шаруашылығында барлық қолдау шаралары АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған. Оныӊ ішінде - қаржы құралдары, жер ресурстарын тиімді пайдалану үшін жағдай жасау, ауылшаруашылық техникамен қамтылуды арттыру, сауда-логистикалық және ғылыми-технологиялық қамтуды дамыту.

Үкімет жоспарлы салықтық тексерулердіӊ санын қысқарту бойынша жұмыс жүргізуде, сатып алулар саласын жетілдіруде және жергілікті қамту үлесін арттыру шараларын қолдануда.

Мемлекеттік экономикаға қатысуын қысқарту мақсатында жекешелендіру рәсімдері жеӊілдетілді, мемлекет пен квазимемлекеттік сектордыӊ қатысуымен ЖШС-тегі үлесті сатып алудыӊ басымдықты құқығы жойылды. Бұл бизнестіӊ жекешелендіру үдерісіне қатысуын жандандыруы тиіс және кәсіпкерлерге жаӊа тауашаларды игеруге мүмкіндік береді.

Жаӊғырту 3.0 аясында бизнес үшін жаӊа мүмкіндіктер ашылуда, экономиканыӊ жаӊа салалары, жаӊа индустриялар құрылып жатыр, қызмет көрсету, туризм, "қарапайым заттар экономикасы" салалары белсенді дамып келеді.

Шағын және орта бизнес саласындағы ағымдағы жағдай бойынша "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасыныӊ орынбасары Н. Илтаев баяндама жасады. Облыстыӊ кәсіпкерлер палатасыныӊ өӊірлік кеӊесініӊ мүшелері өзекті тақырыптарды қозғады.

"Екпін 2002" ЖШС директоры Е. Ибиев, "Атай СК" ЖШС құрылтайшысы Т. Қожахметов, "Арқалық" ШҚ басшысы Н. Барлыбаев, "Арт Строй" ЖШС директоры И. Валишин, "Барс-Nord" ЖШС бас директоры В. Богданов, "Радуга" ЖШС бас директоры Д. Шарапаев өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасын іске асыру мәселелерін қозғады, қаржы және рұқсат тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстарын жеткізді.

ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары - ҚР ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов, ҚР ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, "Қаз Агро" және "Бәйтерек" холдингтерініӊ басшылары айтылған мәселелер мен ұсыныстар бойынша түсініктемелерін айтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны