20.03.2018, 21:20 5112

ҚР ҰЭМ "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ-да "Президенттіӊ бес әлеуметтік бастамасы" тақырыбында дөӊгелек үстел өткізілді

Дөӊгелек үстелдіӊ негізгі мақсаты - Мемлекет басшысы жариялаған бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру жөніндегі пікірлер мен ұсыныстарды ойластыру

Астана. 20 наурыз. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 20 наурызда ҚР ҰЭМ "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ-да "Президенттіӊ бес әлеуметтік бастамасы" тақырыбында дөӊгелек үстел өткізілді. Дөӊгелек үстелдіӊ негізгі мақсаты - Мемлекет басшысы жариялаған бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру жөніндегі пікірлер мен ұсыныстарды ойластыру.

Аталған іс-шараға банк пен ғылыми саланыӊ, бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттік органдардыӊ өкілдері қатысты.

Пікірталас барысында қазақстандықтарды тұрғын үймен қамту, азаматтардыӊ салық жүктемесін азайту, жоғары білімніӊ қолжетімділігі мен сапасын арттыру, студенттердіӊ жағдайын жақсарту, шағын несиелеуді және елді газбен қамтуды дамытудыӊ негізгі аспектілері мен түйткілді мәселелері талқыланды.

Бірінші бастама - баспана алудыӊ жаӊа мүмкіндіктерін талқылау аясында сарапшылар бүгінде жоғары баға мен тапшылық жағдайында арзан және сапалы тұрғын үйге қол жеткізу біздіӊ қоғамымыздағы еӊ бір өткір мәселеніӊ бірі болып отырғандығын атап көрсетті. Ал "7-20-25" бастамасын орындау еліміздегі тұрғындардыӊ басым көпшілігініӊ баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Бастаманы жүзеге асыру, сондай-ақ, құрылыс, құрылыс материалдары өндірісі, қызмет көрсетулер мен сауда саласы сынды экономиканыӊ маӊызды салаларына да қатысты болмақ.

Сарапшылар аталған бастаманы жүзеге асыру Қазақстанныӊ сапалы тұрғын үймен қамтудыӊ әлемдік стандарттарына жақындауына мүмкіндік беретіндігін атап көрсетті.

Сонымен бірге "7-20-25" бастамасын жүзеге асыру кезіндегі өӊірлік аспектіні есепке алудыӊ қажеттігі де айтылды. Өлшемдерді белгілеу кезінде өӊірлердіӊ әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен төлем қабілеттілігі сұранысына орай саралау тәсілін пайдаланған жөн.

Сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында көпшілікке арналған құрылыс салудыӊ жаӊа стандарттары мен типтік жобасын енгізу мүмкіндігін қарастыру орынды болмақ.

Екінші бастама бойынша сарапшылар жалақысы төмен жұмысшылардыӊ салық жүктемесін азайту оларды салық ауыртпалығын оӊтайландыруды ынталандыратындығын атап өтті. Аталған бастама тұрғындардыӊ бір тобыныӊ сұранысын арттырады да, тұтас алғанда, экономикаға оӊ әсер ететін болады.

Сарапшылардыӊ пікірінше, прогрессивтік шкаланы енгізу егжей-тегжейлі зерттеуді талап етеді. Осыған байланысты, ЭЗИ сарапшылары жеке табыс салығы бойынша салық түсімдерініӊ құрылымы, қазақстандық жалдамалы жұмысшылардыӊ еӊбекақысы деӊгейініӊ үлестірілімі, Лоренц қисығы негізінде еӊбекақы үлестірілімі деӊгейін бағалауды таныстырды. Тұтас алғанда, сарапшылар әлеуметтік әділеттілік ұстанымы сақталған жағдайда бастаманы жүзеге асыру салық мәдениетініӊ деӊгейін көтеруге ықпал ететіндігін атап көрсетті.

Үшінші бастама - жоғары білімніӊ қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша сарапшылар гранттардыӊ санын көбейту, оныӊ ішінде техникалық мамандықтарға оқытудыӊ нәтижесі, өндірістегі кадрлық құрамныӊ, әсіресе, инженерлік-техникалық жұмысшылардыӊ жасаруына, жастар арасында жұмыссыздықтыӊ азаюына ықпал ететіндігін атап көрсетті. Бұдан басқа, "милы бастардыӊ жылыстауы" тәрізді түйткілді мәселеніӊ негізгі шешімі болмақ.

Білім беру қызметініӊ сапасын арттырудыӊ ажырамас бөлігі студенттерді орналастыру үшін сапалы инфрақұрылым қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты, сарапшылар студенттер жатақханасын салу бастамасын қабылдаудыӊ толғағы жеткен мәселе екендігін атап өтті.

Төртінші - шағын несиелеуді көбейту бастамасын талқылау аясында сарапшылар кәсіпкерлік үшін қаржы ресурстарыныӊ қолжетімділігін арттыру үшін, бірінші кезекте, пайыздық мөлшерлемені азайту мен шағын несиелеу мерзімін ұлғайтудыӊ қажеттігін атап көрсетті.

Сонымен қатар, шағын несиелеуді жылдам арттыру үшін кезеӊ-кезеӊмен орындалатын лайықты жүйеленген іс-әрекет тәсілі қажет. Бірінші кезеӊдерде, бәлкім, салыстырмалы тұрғыда жеӊіл несилік жүйені құру қажет болар, негізінен, бұл ретте шағын несиелеудіӊ стандарттық пакетіне көбірек көӊіл аударылуы мүмкін. Кейінірек, бұдан гөрі, түрлі тауашалы нарықтардыӊ сұранысын есепке алатын әралуан қызметтер енгізілуі мүмкін.

Бесінші - елді газбен қамтамасыз ету бастамасы бойынша, сарапшылар газ құбырыныӊ құрылысы қызмет көрсету саласыныӊ дамуына қосымша серпін беретіндігін, өӊірлердегі жұмыссыз халықты тұрақты жұмыс орнымен қамтуға, жаӊа кәсіп игеруге әкелетіндігін атап көрсетті. Бұл ретте өӊірлерді газбен қамтамасыз ету өӊіраралық байланыстардыӊ нығаюы мен облыстардыӊ арасындағы экономикалық айналымныӊ өсуіне, газ өндіру мен тұтынудыӊ артуына алып келмек. Ал ол өӊірлік экономиканыӊ ахуалына оӊ әсер етеді.

Пікір алмасуға ҚР Тұӊғыш Президенті қорыныӊ жанындағы Илемдік экономика және саясат институтыныӊ, "Талап" қолданбалы зерттеулер орталығыныӊ, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорыныӊ, ҚР Қаржы министрлігініӊ Қаржы академиясыныӊ, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетініӊ өкілдері қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны