25.10.2016, 15:50 4529

ҚР Ұлттық экономика министрі жарнама мәселелері бойынша заӊнамалық түзетулерді таныстырды

Заӊ жобасында Қазақстан аумағында, оныӊ ішінде жарнамада сатылатын өнім құнын ұлттық валютада ғана көрсету туралы талап енгізіледі, сондай-ақ жарнама саласындағы тыйым салуларды бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту көзделеді.

Астана. 25 қазан. Kazakhstan Today - Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкімет отырысыныӊ барысында жарнама саласындағы уәкілетті және реттеуші мемлекеттік органды анықтауды ұсынатын "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасын таныстырды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Жарнама мәселелері бойынша түзетулер осы саланы мемлекеттік реттеу тәсілдерін жүйелеуге мүмкіндік береді, деді Қ.Бишімбаев.

"Заӊ жобасында жарнама саласындағы уәкілетті органды - жарнама мәселелері бойынша басшылық және салааралық үйлестіруді жүргізетін орталық атқарушы органды (ҰЭМ) анықтау ұсынылады. Жарнама саласындағы реттеуші мемлекеттік органдар жарнама қызметі жүзеге асырылатын жеке салада басшылық жасайтын мемлекеттік органдар болып табылады", - деп хабарлады министр.

Одан басқа, заӊ жобасында Қазақстан аумағында, оныӊ ішінде жарнамада сатылатын өнім құнын ұлттық валютада ғана көрсету туралы талап енгізіледі, сондай-ақ жарнама саласындағы тыйым салуларды бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту көзделеді. Заӊ жобасында міндетті теле-, радиоарналар үшін өтеусіз негізде бір ай ішіндегі жарияланымныӊ жалпы көлемініӊ кемінде бір пайызы мөлшерінде әлеуметтік жарнаманы орналастыру міндеті енгізіледі

Оныӊ айтуынша, сыртқы жарнаманы орналастыруға рұқсаттыӊ қолданыс мерзімі 5 жылға дейін ұзартылатын болады.

"Сыртқы жарнаманы орналастыруға рұқсаттыӊ қолданыс мерзімін ұзарту көзделген. Қолданыстағы заӊнамаға сәйкес сыртқы жарнаманы орналастыруға рұқсат 1 жыл мерзімге беріледі, жарнама берушініӊ жыл сайын рұқсат беру органдарына құжаттар топтамасын ұсынып, жарнаманы орналастыру мерзімін ұзартуына тура келеді, бұл қосымша әкімшілік кедергі болып табылады. Осыған байланысты, рұқсат мерзімін 1 жылдан 5 жылға дейін ұзарту ұсынылады", - деп хабарлады Бишімбаев.

Заӊ жобасында 5 кодекс пен 9 заӊға өзгерістер мен толықтырулар енгізу болжанады.

Заӊ жобасымен "Икімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекске жарнама саласындағы заӊнаманы бұзғаны, тауарлардыӊ бағаларын ұлттық валютада көрсетпегені, биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалауға қойылатын талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікті енгізу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

"Рұқсаттар және хабарламалар туралы"Заӊға сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға берілетін рұқсаттыӊ мерзімін 1 жылдан 5 жылға дейін ұзарту, сондай-ақ жарнама саласындағы рұқсат беру құжаттарын, олардыӊ қайталануына байланысты оӊтайландыру бойынша түзетулер енгізіледі.

Сондай-ақ, "Автомобиль жолдары туралы" Заӊға автомобиль жолдарыныӊ бойында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру құжатыныӊ (паспорт) түрін нақтылау мақсатында түзетулер енгізу көзделеді.

Бишімбаев "Заӊ жобасын қабылдау жарнама қызметін мемлекеттік реттеу тәсілдерін жүйелеуге, жарнама туралы заӊнама талаптарыныӊ орындалуын қамтамасыз етуге, әлеуметтік жарнама рөлін күшейтуге және ұлттық валюта мәртебесін нығайтуға мүмкіндік береді", - деп қорытты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны