01.08.2018, 07:46 5557

Маӊғыстау облысында ауыл шаруашылығыныӊ дамуы жөнінде отырыс өтті

2017 жылы 1030 гектар жерге, оныӊ ішінде тамшылата әдісімен 800 гектарға көкөніс-бақша дақылдары егіліп, одан 15 800 тонна өнім алынды. Ал биылғы жылы 1100 гектар жерге егін егіліп 16 800 тонна көкөніс, бақша өнімдері алынады деп жоспарланған болатын, алайда жаӊадан қосылған жылыжайлар есебінен бұл көрсеткішті 18 000 тоннаға дейін жеткізуді мақсат етіп отыр

Ақтау. 1 тамыз. Kazakhstan Today -Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Ералы Тоғжановтыӊ төрағалығымен ауыл шаруашылығыныӊ дамуы жөнінде отырыс өтті.

Қазіргі таӊда қала және аудан әкімдіктерініӊ мәліметіне сәйкес, облыста мал шаруашылығымен айналысатын шамамен 1000 (2017 жылы - 920 шаруа қожалық) шаруа қожалығы бар.

Маӊғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ басшысы Серік Қалдығұлдыӊ айтуынша, оныӊ ішінде: асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша 30 асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектісі тіркелген (2017ж.-30 субъект). Қой шаруашылығында - 3 шаруашылық (қой -10 481 бас), жылқы шаруашылығында - 17 шаруашылық (жылқы 3091 бас), түйе шаруашылығында - 8 шаруашылық (түйе -1709 бас) және сиыр шаруашылығында - 2 шаруашылық (сиыр-312 бас) тіркелген. Жалпы алғанда облыс көлемінде асыл тұқымды мал басыныӊ саны 15 593 бас болып отыр.

Сондай-ақ, қазіргі таӊда облыс бойынша шөп шабу жұмыстарымен 30 бригада (Маӊғыстау - 19, Қарақия - 5, Түпқараған - 3, Мұнайлы - 1, Бейнеу - 2) айналысуда.

Статистикалық мәліметке сәйкес, осы жылдыӊ 6 айында - ірі қара мал саны - 23 410 бас болып 19,1% ға (01.07.2017 - 19 656 бас), қой-ешкі - 532 708 бас болып 3,7% ға (2017 жылы - 513 026 бас), жылқы - 92 954 бас болып 11,5% ға (2017 жылы - 83 348 бас), түйе - 69 966 бас болып 11,8% ға (2017 жылы - 62 597 бас) болып, барлық мал саны - 719 038 басты - 5,6% (2017 жылы - 678 627 бас) артып отыр.

Қазақстан Республикасында АӨК дамытудыӊ 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасында, жайылымды суландыру мен шалғай жайылымдағы мал шаруашылығын дамытуға баса назар аударылған.

-2017 жылы 1030 гектар жерге, оныӊ ішінде тамшылата әдісімен 800 гектарға көкөніс-бақша дақылдары егіліп, одан 15 800 тонна өнім алынды. Ал биылғы жылы 1100 гектар жерге егін егіліп 16 800 тонна көкөніс, бақша өнімдері алынады деп жоспарланған болатын, алайда жаӊадан қосылған жылыжайлар есебінен бұл көрсеткішті 18 000 тоннаға дейін жеткізуді мақсат етіп отырмыз. Облыста 2016-2017 жылдар аралығында барлығы 20 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Құрылған кооперативтердіӊ бағыты: 1 шұбат өндіру, 3 мал сою, 14 ет, шұбат өндіру және 2 көкөніс-бақша дақылдарын өндіру. Қазіргі таӊда 20 кооперативтіӊ 13 жұмыс жасап тұр, 6 кооператив өз жұмысын тоқтатуда, дейді Маӊғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ басшысы Серік Қалдығұл.

Республика бойынша егін шаруашылығын цифрландыру тапсырмасыныӊ бірінші кезеӊі - өнірдегі егістік алқаптарды цифрландыру бойынша (электрондық картасын қалыптастыру) жыл басынан бері 7 ай ішінде облыста картаға енгізілген аумақ - 1160,08 га (жоспар - 1100 га) құрады, орындалуы - 113% жетті.

ҚР Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудыӊ 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті оныӊ ішінде ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында, 2017 жылы облысқа 474,0 млн теӊге бөлініп толықтай игерілген болатын. Нәтижесінде 130 адамға несие беріліп, шамамен 219 адам жұмыспен қамтылды.

Биылғы жылға бөлінген қаржы - 1 244 млрд теӊгені құрап, 2017 жылмен салыстырғанда - 3 есеге көбейіп отыр. Егер осы қаражатты толық игерген жағдайда, шамамен 500 адамға несие беріліп, 750 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

Маӊғыстау облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны