16.11.2018, 19:35 4142

Маӊғыстауда бағалардыӊ негізсіз өсуіне бақылау жасалады

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов коммуналдық қызмет тарифтері, азық-түлік, дәрі-дәрмек, медицина, білім беру, қызмет көрсету саласындағы ақылы қызметтер, құрылыс материалдары мен 1 шаршы метр тұрғын үй бағасы, ЖЖМ тарифтері, байланыс қызметтері және басқа мәселелер бойынша кездесу өткізді.

Ақтау. 16 қараша. Kazakhstan Today - Маӊғыстауда бағалардыӊ негізсіз өсуіне бақылау жасалады.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов коммуналдық қызмет тарифтері, азық-түлік, дәрі-дәрмек, медицина, білім беру, қызмет көрсету саласындағы ақылы қызметтер, құрылыс материалдары мен 1 шаршы метр тұрғын үй бағасы, ЖЖМ тарифтері, байланыс қызметтері және басқа мәселелер бойынша кездесу өткізді.

Аймақ басшысы қоғам белсенділеріне, үкіметтік емес ұйымдарға, іріөнеркәсіптік кәсіпорындар өкілдеріне, мемлекеттікбасқармалар мен департаменттерге, құқыққорғауоргандарыныӊбасшыларынабағанытөмендетужолдарын талқылауды және бағаны төмендетуге кедергі келтіретін проблемалық мәселелерді бірлесе шешуге арналған жоспар әзірлеуді ұсынды.

"13 қараша күні Премьер Министрмен өткен Үкімет отырысында, Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында, 2019 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап тауарлардыӊ, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердіӊ бағаларын және тарифтердіӊ құнын төмендету туралы тапсырма берілді. Баға белгілеу кезінде ескерілетін негізсіз шығындарды алып тастау есебінен бағалар мен тарифтерді төмендетуді қамтамасыз ету міндеті қойылды. Халық кеӊестердіӊ, жұмыс топтарыныӊ, мемлекеттік органдардыӊ, қала және аудан әкімдерініӊ, бизнес өкілдерініӊ, үкіметтік емес ұйымдардыӊ және монополистердіӊ жұмыстары туралы хабардар болуы қажет. Аталған топ өкілдері проблемалық мәселелерді ашық режимде талқылап, оны шешу жолдарын ұсыну қажет.Қазір біз, 1- ші желтоқсанға дейін қандай тауарлар мен қызметтерге, 2019 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап нақты бағалар мен тарифтерді төмендете алатынымызды анықтап алуымыз керек", - деді әкім Ералы Тоғжанов.

"Бахыт" ПИК басшысы облыс әкіміне Ақтау қаласы бойынша ағымдағы мәселелер тізімін берді. Оныӊ ішінде, жөндеу жұмыстарын, ауыстыруды қажет ететін нысандарға және кәріз жүйесіндегі мәселелерге тоқталды Сондай-ақ, жаз мезгілінде ыстық сумен қамтамасыз ету мәселесі мен жұмсақ шатырды металлға ауыстыру қажеттілігін айтты. Өӊір басшысы Ералы Тоғжанов жұмыс тобына ұсынылған мәселелермен айналысуды тапсырды.

Никар Рафикова көлік тарифтерініӊ бағасыныӊ өсуіне әсер ететін өзекті мәселелерді айтты. Сондай-ақ электр энергиясын тарату және жеткізу үшін ақша алатын барлық компанияларға тексеру жүргізуді ұсынды.

Ералы Тоғжанов мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді. Соныӊ ішінде, энергетика және ТҮКШ басқармасынакоммуналдық қызметтердіӊ тарифтері жөніндегі кеӊес құру және оныӊ құрамына барлық мүдделі тараптарды енгізу тапсырылды. Аудандар мен қалаәкімдеріне ведомстволық мемлекеттік ұйымдар мен ПКСК (мысалы қоқыс, лифтілер шығару, тұрғын үйге қызмет көрсету және т.б.) тарифтерді төмендету жөніндегі нақты шараларды қабылдау жөніндегі жұмыс топтарын құру тапсырылды. Денсаулық сақтау, білім, жолаушылар көлігі және автожолдар, құрылыс басқармалары аудандар мен қала әкімдерімен бірлесіп, жетекшілік ететін салаларда бағалар мен тарифтерді төмендету жөнінде өзара іс-қимыл және нақты шаралар әзірлеу жөнінде жұмыс топтарын құрсын.Кәсіпкерлік және сауда, ауыл шаруашылығы басқармалары аудандар мен қала әкімдерімен бірлесіп, ЖЖМ, азық-түлік өнімдері, әсіресе мереке алдындағы және мереке күндері әлеуметтік маӊызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаныӊ негізсіз өсуіне жол бермеу үшін тұрақты және қатаӊ мониторингті қамтамасыз ету.Аудан және қала әкімдері тұрақты нтүрде азық-түлік өнімдерін жергілікті өндірушілердіӊ өнімдерін жылжыту және сату бойынша жәрдем көрсете отырып, олардыӊ ағымдағы жағдайды қадағаласын. Ірі компаниялардыӊ басшылары 2019 жылғы сатып алу жоспарында жергілікті тауар өндірушілердіӊ тауарларын, жұмыстарын, қызметтерін барынша сатып алуды көздесін. Олар болмаған жағдайда және басқа қалалардағы ұйымдардан тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу, облыс аумағында басқа қалалардағы компаниялардыӊ филиалдарын тіркеуді қамтамасыз етсін. Монополияға қарсы Департамент нарық қатысушыларыныӊ теріс пиғылды іс-әрекеттеріне дер кезінде ден қою, бағаны негізсіз көтеруді сөз байласуға жол бермеу. Ұлттық Банктіӊ филиалына екінші деӊгейдегі банктермен, "Қазпошта" АҚ филиалымен бірлесіп, банктік қызмет көрсету саласындағы тарифтерін төмендету, ауылдық жерлерде олардыӊ филиалдарыныӊ қатысуын кеӊейту жөнінде нақты шаралар қабылдасын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны