09.04.2018, 20:56 4320

Маӊғыстауда тоқыма фабрикасы салынады

Маӊғыстау индустриялық паркініӊ аумағында тоқыма зауытыныӊ құрылысынан бөлек, тағы үш жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жалпы 4 жоба бойынша инвестиция көлемі 360 млрд. теӊгені құрайды, жұмыс орындарыныӊ саны 895 адам

Ақтау. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін облыс әкімі Ералы Тоғжановтыӊ қатысуымен тоқыма зауытыныӊ құрылыс алаӊында капсула салынды.

Тоқыма фабрикасын салу жобасы бойынша 97 млрд. теӊге инвестицияланады. Жаӊа кәсіпорын жылына 32,4 мыӊ тонна иірілген жіп шығарады. Құрылыс кезеӊінде 200 адам жұмыс істеп, пайдалану барысында 700 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Пайдалануға беру уақыты - 2019 жылдыӊ мамыр айы.Қазақстандық және ішінара Өзбекстандық шикізат қолданылып, дайын өнімді шет елдерге жеткізу жоспарланған.

"South Caspian Operating Company"" ЖШС-мен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында жол картасы әзірленді. Соныӊ аясында "Маӊғыстау индустриялық паркі" ЖШС маӊындағы бос жатқан 30 га жер телімі қосымша бөлініп берілді.

"Маӊғыстау индустриялық паркініӊ аумағында тоқыма зауытыныӊ құрылысынан бөлек, тағы үш жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жалпы 4 жоба бойынша инвестиция көлемі 360 млрд. теӊгені құрайды, жұмыс орындарыныӊ саны 895 адам. Сонымен қатар, Жаӊаөзен қаласыныӊ Индустриялық аймағында 2 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Аталмыш жобалар бойынша инвестиция көлемі 162,4 млрд. теӊгені құрайды, 210 жұмыс орны құрылатын болады. Құрылыс кезінде барлығы 1400 жұмыс орны құрылады, пайдалануға берілгеннен кейін 1105 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Облысымызға тартылатын инвестицияныӊ жалпы сомасы 522,4 млрд. теӊгені құрайды", - деді Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Ералы Тоғжанов.

Анықтама үшін:

1. Өз қажеттіліктері үшін қуаты 2х50 МВт газ турбиналық станциясыныӊ құрылысы.Инвестициялар көлемі 80 млрд. теӊгені құрайды. Жобаныӊ қуаты 100 МВт. Құрылыс кезеӊінде 200 адам жұмыс істеп, пайдалану барысында 60 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.Пайдалануға беру - 2019 жылдыӊ шілде айы.

2. Болат илемдеу зауыты. Инвестициялар көлемі - 50 млрд. теӊге. Жобаныӊ қуаты жылына 150 мыӊ тонна. Құрылыс кезеӊінде 300-ге дейін және пайдалану барысында 60 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. 2019 жылдыӊ наурызына дейін іске қосу жоспарлануда. Жоба бойынша Қазақстандық шикізат пайдаланылып, Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне дайын өнімдерді жеткізу көзделуде.

3. Феррохром өндірісі.Инвестициялар көлемі - 133 млрд. теӊге. Жобаныӊ қуаты жылына 150 мыӊ тонна. Құрылыс кезеӊінде 150-ге дейін және пайдалану кезеӊінде 75 жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Пайдалануға беру - 2019 жылдыӊ наурыз айы. Зауытқа арналған жабдықтарды Германиядан алу жоспарланған, Қазақстандық шикізатты пайдалану көзделуде, дайын өнімдер Жапонияға, Қытайға, Үндістанға экспортталатын болады.

Бұдан басқа, Жаӊаөзен қаласыныӊ индустриялық аймағында 2 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

1. Ферросилиций қорытпасын шығару зауыты.

Жалпы инвестиция көлемі 6,4 млрд. теӊгені құрайды. Жобаныӊ қуаты - 20 000 тонна жоғары сапалы ферросилиций қорытпасы. Құрылыс кезеӊінде 150-ге дейін және пайдалану барысында 140 жұмыс орындарын құру жоспарланған.

2. Қуаты 2х384 МВт газтурбиналық электр станциясын салу.

Жобаныӊ құны 156 млрд. теӊгені құрайды. Жобаныӊ қуаты - 384 МВт негізгі қондырғы және 384 МВт резервтік қондырғы. Құрылыс кезеӊінде 400-ге дейін және пайдалану кезінде 70 жұмыс орындарын құру көзделуде.

Маӊғыстау облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны