Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
20 қыркүйек 2018
  • 02
  • :
  • 56
17:00

Маӊғыстауда жел электрстанциясыныӊ құрылысы басталды19.08.2018
Экономика  12:43
Ақтау. 19 тамыз. Kazakhstan Today - Маӊғыстауда жел электрстанциясыныӊ құрылысы басталды.

Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласыныӊ маӊында салынатын жел электрстанциясыныӊ алғашқы кірпіші қаланды.

Бұдан бұрын, ағымдағы жылдыӊ шілдесінде Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Ералы Тоғжанов, "South Wind Power" ЖШС-і оныӊ атынан бас директоры С.Парцикян және "Horgos Jiuhe SilkBridge New Energy Co.,Ltd компаниясы, оныӊ атынан Huang Cheng басшысы арасында жел электр станциясы жобасыніске асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.

Жел электр станциясыныӊ қуаты 42 МВт, 375 гектар жерді алып жатқан жоба Түпқараған ауданынан салынады. Инвесторлар қуаты 2,5 кВт құрайтын 17 жел генераторын орнатуды, құрылыс кезеӊінде 70 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлауда.

Жел турбиналары үшін жабдықтарын, тасымалдаушы зымыран жабдықтары мен шығыс материалдарын қоса алғанда инвестицияныӊ жалпы сомасы 50 290 700 АҚШ долларын құрайды. Жел электр станциясыныӊ құрылысы "Жасыл экономикаға" көшу, экологиялық таза инвестициялық технологияларды еӊгізу мәселелерін қамтиды. Сондай-ақ, бұл жоба өӊірдіӊ электр энергиясына деген қажеттілігінөтеуге көмектеседі. Жобаныӊ аяқталуы 2019 жылдыӊ мамыр айына жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жоба жаӊартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарына енгізілді. Есеп айырысу және қаржы орталығымен сатып алу туралы шартқа қол қойылған, деп хабарлайды Маӊғыстау облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.
Просмотров: 2244

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter