09.04.2018, 20:52 4410

Маӊғыстаулық іскер әйелдер "Аӊыз Тұлға" жобасын іске асырмақ

Өӊірде кәсіпкер қыз-келіншектер саны артып келеді, өйткені тұрғындар арасында бизнес - мұнайда ғана емес деген түсінік қалыптасқан. Бүгінде 53 366 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісініӊ 23 мыӊын әйелдер басқарып отыр (44%). Оныӊ ішінде шағын және орта бизнесте жұмыс істейтін әйелдердіӊ 35%-ы кәсіпкерлікпен айналысады

Ақтау. 9 сәуір. Kazakhstan Today - "Атамекен" ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Ақтау қаласында өткен Маӊғыстау облысы Іскер әйелдері кеӊесініӊ ІІІ форумына қатысты.

Форумда сөйлеген сөзінде Тимур Құлыбаев Қазақстанда әйелдердіӊ 42%-ы шағын және орта кәсіпкерлікті басқаратынын атап өтті.

"Қазақстан әйелдері әдетте жоғары білімі бар, алдына мақсат қоя білетін әрі өздерін жан-жақты дамытуға дайын жандар. Осы бағытта "Атамекен" жанынан Іскер әйелдер кеӊесі құрылған болатын. Ийел бәрін үлгеруге қабілетті келеді, отбасындағы қыруар істі тындырып бизнесті де жүргізе алады. Жылдан жылға бизнес ортада әйелдер белсенділігі артқаны байқалып отыр. Қыз-келіншектердіӊбелсенділігіне және "Атамекенніӊ" еліміздегі әйел кәсіпкерлігі дамуына қатысы барына қуаныштымын", - деді Тимур Құлыбаев.

Маӊғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасыныӊ Іскер әйелдер кеӊесі салалық алаӊдар - қауымдастықтарды белсенді жетілдіріп келеді. Бүгінде өӊірде "Маӊғыстау облысы киім дизайнерлері одағы", "Маӊғыстау облысыныӊ қол өнер шеберлерi одағы", "Маӊғыстау облысыныӊ интерьер дизайнерлері мен декораторлары", "Маӊғыстау облысыныӊ кондитерлер гильдиясы" және "Маӊғыстау облысыныӊ меткепке дейінгі жекеменшік білім беру мекемелері" атты 5 қауымдастық құрылған.

Өӊірде кәсіпкер қыз-келіншектер саны артып келеді, өйткені тұрғындар арасында бизнес - мұнайда ғана емес деген түсінік қалыптасқан. Бүгінде 53 366 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісініӊ 23 мыӊын әйелдер басқарып отыр (44%). Оныӊ ішінде шағын және орта бизнесте жұмыс істейтін әйелдердіӊ 35%-ы кәсіпкерлікпен айналысады. Бұл көрсеткіш әйелдердіӊ кәсіпкерлікке бет бұруы және ауылдық жерде өзін-өзі жұмыспен қамтыған қыз-келіншектердіӊ артқанын айқындайды.

"Атамекен" шағын несиелеу ұйымы арқылы 2 жыл ішінде әйелдер 404 млн теӊгені игерген, бұл дегеніміз жүзеге асырылып жатқан 166 жобаныӊ 75-сі. Жаӊадан ашылған 408 жұмыс орынныӊ 202-сі іскер әйелдермен құрылған. Несие алуда әйелдер белсенділігініӊ үлесі 41%-ды құрайды. Қаржыландыру жүргізілген үш жыл ішінде кәсіпкер әйелдердіӊ несие алуы бойынша өӊірдіӊ барлық аудандары жақсы серпін көрсетіп отыр.

Форум барысында Іскер әйелдер кеӊесі "Аӊыз Тұлға" - "Живые Легенды" атты жобаны енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Көп мемлекетте қолөнер саласында бірегей технологияларға ие адамдар толығымен мемлекет немесе басқа да жалпыұлттық құрылым қамқорлығына алынады. Мақсат - дарынды адамдар өзініӊ бірегей технологиялар бойынша білімін, кәсіби машығын өскелеӊ ұрпаққа - шәкірттеріне үйретеді. Осылайша ұрпақ сабақтастығы жалғасады. Мұндай аӊыз тұлғалар саны елімізде небәрі 15-20 адам немесе тіптен аз болуы мүмкін. Маӊғыстау облысы Іскер әйелдер кеӊесі осы құндылықтарды сақтап қалғысы келеді.

"Атамекен" ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев бұл бастаманы қолдады: "Тәлімгерлік тәжірибесін міндетті түрде қолдану керек. Мемлекет бөліп отырған қаржы есебінен әкімдіктермен бірлесіп, осындай бағдарламаны қарастыруға күш саламыз".

Форум соӊында ауылды жерде әйел кәсіпкерлігі дамуыныӊ тиімді бағыттары аталды: мал шаруашылығы, оныӊ ішінде мал шаруашылығы өнімдерін өӊдеу;жеӊіл өнеркәсіп; балалар мен ересектерге білім беру орталықтарын құру; көктем-жаз-күз айларында кішігірім этно ауылдарды құрып, онда сүт өнімдерін сату арқылы этно және эко туризмін дамыту. Бұл бағыттар отбасылық бизнес негізінде жүзеге асырылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны