09.04.2018, 20:58 4298

Мәжіліс депутаттары Маӊғыстау облысында болды

Ақтау. 9 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Парламенті Мәжілісініӊ депутаттары Бақытгүл Хаменова, Ирина Унжакова,Тарас Хитуов пен Геннадий Шиповских Маӊғыстау ауданыныӊ Шетпе кентінде орналасқан "Каспий Цемент" заводы ұжымымыен кездесті. Бұл зауыт неміс технологиясы бойынша Хайдельберг маркасымен цемент шығарады. Ол өндіріс кезінде құрғақ бор пайдаланатын әлемдегі алғашқы заводтардыӊ бірі. Өндірістік қуаты жылына 800 мыӊ тоннаны құрайды. "Каспий Цемент" заводы аймақтыӊ әлеуметтік дамуына үлкен үлес қосып келеді. Жергілікті тұрғындадыӊ 60 пайызы осында жұмысқа орналасқан.

Кездесу барысында депутаттар баспаналы болуға, кәсіпкерлікті дамыту үшін несие алуға, жастардыӊ грантпен оқуына мүмкіндік беретін президенттік бес әлеуметтік бастама жайында егжей-тегжейлі баяндады.

-Елбасыныӊ маӊызды әлеуметтік бастамаларын сапалы заӊдармен қамтамасыз етуде халықтыӊ ұсыныстары мен пікірлері бізге өте қажет, - деді Бақытгүл Хаменова.

Кездесуде жұмысшылар депутаттарға өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, пікір алмасты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны