14.12.2018, 21:51 5428

Мемлекет басшысы Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаевқа "Еӊ үздік бизнес орта құрғаны үшін" номинациясы бойынша "Алтын сапа" сыйлығын табыстады

"Индустрияландырудыӊ екінші бесжылдығы. Қазақстанда жасалған" Жалпыұлттық телекөпір барысында Мемлекет басшысы Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаевқа "Еӊ үздік бизнес орта құрғаны үшін" номинациясы бойынша "Алтын сапа" сыйлығын табыстады.

Астана. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today -2018 жылғы рейтинг қорытындысы бойынша Қызылорда облысы бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасаған еӊ үздік өӊір деп танылды.

"Индустрияландырудыӊ екінші бесжылдығы. Қазақстанда жасалған" Жалпыұлттық телекөпір барысында Мемлекет басшысы Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаевқа "Еӊ үздік бизнес орта құрғаны үшін" номинациясы бойынша "Алтын сапа" сыйлығын табыстады.

Айта кетейік, 2018 жылдыӊ 1 қарашасында өӊірде 51 956 шағын және орта бизнес субьектісі тіркелген, оныӊ ішінде 42 066 жұмыс істеп тұр. Өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда шағын және орта бизнес субъектілерініӊ саны 12,7 пайызды құрады. Бұл - республикада еӊ жақсы көрсеткіш. Сонымен қатар, жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерініӊ үлесі тіркелгендер саныныӊ 80,9% - ын құрады. Естеріӊізге сала кетейік, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, халықты жұмыспен қамту мәселелерін тиімді шешу мен жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестіӊ үлесін айтарлықтай арттыру мақсатында облыс әкімдігініӊ, облыстық мәслихаттыӊ, "Нұр Отан" партиясы филиалыныӊ, қоғамдық кеӊестіӊ және өӊірлік кәсіпкерлер палатасыныӊ шешімімен 2018-2020 жылдары өӊірде жаппай кәсіпкерлікті дамытудыӊ үш жылдығы ретінде жарияланды. Жыл басында "Жаппай кәсіпкерлікті дамытудыӊ жол картасы" әзірленді. Шағын және орта бизнесті қаржыландыруға республикалық және облыстық бюджеттен, банктер мен қорлардан 32 миллиард теӊгеден астам қаржы бөлінді. Оныӊ ішінде стартап-жобаларға 3 миллиард теӊгеден астам қаржы қарастырылған.

Жаппай кәсіпкерлікті, әсіресе ауылдық жерлерде дамытуға өӊірде басымдық беріліп отыр, облыстыӊ әрбір ауылдық елдімекеніне жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардыӊ аумақтық бөлімшелерініӊ басшыларынан шағын және орта бизнесті дамытуға жауаптылар бекітілді. Сонымен қатар, жыл қорытындысы бойынша өз ісін осы жылы бастаған әр аудан мен облыс орталығындағы үздік стартап-кәсіпкерлерді, сондай-ақ ауданныӊ үздік әкімін және жауапты лауазымды тұлғаны 1 млн.теӊге көлеміндегі сыйақымен марапаттау туралы шешім қабылданды.

Еске салайық, болашақ және өз істерін бастаған кәсіпкерлер үшін барлық қолайлы жағдайларды жасау мақсатында Кәсіпкерлер үйі ашылды. Мұнда облыстық Кәсіпкерлік және туризм басқармасы, "Қызылорда" Өӊірлік инвестициялық орталығы, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, "Жобаларға сараптама жүргізу орталығы" ЖШС, Өӊірлік кәсіпкерлер палатасы, екінші деӊгейлі бірқатар банк филиалдары және өзге де мекемелер орналастырылған. Сондай-ақ, аймақтыӊ кәсіпкерлері үшін электрондық қызмет түрлерін тегін алуға болатын онлайн-кабинет жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны