01.07.2014, 20:35 3132

Н. Назарбаевқа ҮИИД МБ жүзеге асуы туралы есеп беріледі

"2 шілдеде Үкіметтің елді индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары туралы есебі тыңдалады. Оның аясында республикалық телекөпір өткізу жоспарлануда. Іс-шара аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы Назарбаев орталығының жаңа ғимаратын аралап көреді", - делінген хабарламада.

Алматы. 1 шілде. Kazakhstan today. Ақорданың ресми порталында Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы жарияланды.

"2 шілдеде Үкіметтің елді индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары туралы есебі тыңдалады. Оның аясында республикалық телекөпір өткізу жоспарлануда. Іс-шара аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы Назарбаев орталығының жаңа ғимаратын аралап көреді", - делінген хабарламада.

3 шілдеде Президенттің Ұлттық мұражайдың ашылу салтанатына қатысуы, сондай-ақ алдағы "ЭКСПО-2017" көрмесі нысандарының құрылыс аумағына және елорданың бірқатар нысандарына баруы жоспарланған.

4 шілдеде Елбасы "Атамекен" этномемориалдық кешенінде Мемлекеттік ту көтеру салтанатына қатысады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны